Әкім есебі: Қандөзде жарық шешілді
Қандөз ауылындағы негізгі проблема электр желісін жаңғырту болатын. Оған республикалық, облыстық бюджет қоржынынан 170 млн теңге қаржы бөлініп, электр желілері жаңғыртылды.
– Соңғы жылдары Сыр өңірінің экономикалық-әлеуметтік жағдайы жақсарып, барлық салада даму байқалады. Әсіресе, аймақ бюджеті екі есеге артып, 744 млрд теңгеге жетті. Бұл бұрын-соңды болмаған жетістік, соның нәтижесінде ірі-ірі жобалар жүзеге асуда. Мәдениет, спорт, инфрақұрылым, руханият, әлеуметтік салада да оң динамика қалыптасты. Инвестиция көлемі артып, құрылыс индустриясына едәуір серпін әкелді. Мұның барлығы Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан жарқын жобалар. Жаңақорған ауданы да жылдан-жылға көркейіп, аймақтағы алдыңғы қатарлы өңірге айналды. Бұл елдің шынайы тілегі, ырыс-несібесі, бақ-берекесі деуге болады. Дегенмен әлі де шешімін табуы тиіс мәселелер жоқ емес, сондықтан осы бағытымыздан айнымай, жұмыс жасай беретін боламыз, – деді аудан әкімі.
Қандөз ауылында тағы бір мәселе Б.Сейілбеков көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолын салуға жоба әзірленді. Келер жылы жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады.