№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

2023 жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсарту, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру бағытында кешенді шаралар іске асырылды. Әкімдік тарапынан атқарылған жұмыстар нәтижесінде аудан бюджеті 15 млрд 858 млн теңгеге жетті. Осы қаржыларға елді мекендерге газ құбырлары тартылып, жолдар жөнделіп, мектеп, спорттық нысандар, клуб үйлері салынып, электр желілері жаңғыртылды. Көркейтуабаттандыру жұмыстары жүрді. Әлеуметтік экономикалық даму қарқыны артып, макроэкономикалық көрсеткіштер 100 пайыздан аса орындалды.
Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында 95 мәдени көпшілік шаралар жоспарланды. Мерейтой аясында республикалық ақындар айтысы, конференция ұйымдастырылды. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50 жаңа тұрғын үйдің кілті табыс етілді. Жаңақорған кенті «Үздік аудан орталығы» аталымын иеленді. Ауыл шаруашылығы саласында Жаңақорған ауданы бірінші орынды иеленіп, «Үздік аудан» атанды. 2023 жыл қорытындысына арналған «Жыл үздігі» мерекелік жиынында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының жүрекжарды лебізі төмендегіше өрілді: – Қымбатты қауым! Сіздерді санаулы сәттерден соң ортамызға енетін жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. 2023 жыл жемісі мол жыл болды. Еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың мерейтойларын атап өттк. Елдің ырыс-берекесі мен еңбегінің арқасында үздіктер қатарынан танылдық.
Жалпы макроэкономиалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жетті, Ауданымызда ғимараттар бой түзеді. Аймақ басшысының қолдауымен бес ауылға газ қосылды. Қаратөбе ауылында аибулатория ашылды, Жайылма және Өзгент ауылында мәдени ошақтар іске қосылды. Ақжол ауылында спорт кешені іске қосылды. Жаңадан соғылған 50 тұрғын үйдің кілті берілді, – дей келе биылғы жыл қорытындысының үздіктерін марапаттады. Олар: Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев ҚР Ауыл щаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Шиелі жарығы» ЖШС Жаңақорған аудандық филиалы директоры, аудандық мәслихат депутаты Жасұлан Амалбеков облыс әкімінің Алғыс хатымен, Қыркеңсе ауылының әкімі Тәттімбет Әбдреймов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Аргосервис Жаңақорған» ЖШС директоры аудандық мәслихат депутаты Мейіржан Құтыбаев облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жаңақорған аудандық мәслихат аппаратының құқықтық жұмыстар бөлімшесінің басшысы Ербол Сүйіндіков облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің маманы Жансая Төреманова Қызмет мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен марапаатталды. Жаңақорған ауданы «Құрметті азаматы» төсбелгісіне аудандық ауылшаруашылығы ардагері Ерғали Оразбеков, білім беру саласының ардагері Айсара Нәлібаева, аудандық қаржы саласының ардагері Дәулетбек Қалыбаев, мәдениет саласынынң ардагері Нәбихан Шалаповтар ие болды. Осы күні аудан ағарту саласы, медицина және мәдениет саласының бірнеше өкілдері Жаңақорған ауданына 95 жыл меркелік медалімен марапатталды. 2023 жылдың қорытындысына орай «Жыл үздіктеріне» арнайы номинациялар табыс етілді. «Үздік ауылдық округ әкімі» номинациясымен Талап ауылдық округінің әкімі Тақырбасов Ербол Өмірбекұлы, «Үздік инвестор» номинациясымен және «Жаңақорған ауданына 95 жыл» мерекелік медалімен «Шалхия Цинк» ЛТД акционерлік қоғамының бас директоры Бейсембаев Өркен Рахметтоллаұлы, «Әлеуметтік сала үздігі» номинациясымен Қандөз ауылдық округі әкімі аппаратының Әлеуметтік қызметкері Кенжесариева Гүлжұма Сейдіғалиқызы, «Үздік меценат» номинациясымен «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы Үсенов Изатулла Ергешұлы, «Ауыл шаруашылығының үздігі» номинациясымен «Алшынбай» шаруа қожалығының төрағасы Еримов Бағлан Жәнібекұлы, «Үздік білім саласының қызметкері» номинациясымен №52 Бегайдар Аралбаев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі, Жұпарбаев Тұрсынбек Нақыпбекұлы марапатталды, «Үздік медицина қызметкері» номинациясымен дәрігер невропатолог Искендирова Жанна Срайылқызы, «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясымен Жаңақорған аудандық Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінің «Жастармен жұмыс» бөлімінің меңгерушісі Найманбай Айжарқын Садыбайұлы, «Жыл спортшысы» номинациясымен Қазақ күресінен алтын белбеу турнирінің 5 дүркін жеңімпазы, Белбеу күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, Белбеу күресінен 2023 жылғы Әлем чемпионы Алдаберген Айберген Әділханұлы, «Қаржы саласының үздігі» номинациясымен Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі Жұмабеков Нұрбол Өмірбекұлы, «Үздік құрылысшы» номинациясымен «Аңсар Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әмзеев Шархан Әбдімәлікұлы, «Үздік мемлекеттік қызметкер» номинациясымен Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Сүлейменов Нұржан Асқарұлы, «Үздік журналист» номинациясымен «Жаңақорған тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Жарықбаев Әлібек Темірбекұлы, «Жас толқын» номинациясымен Жас кәсіпкер, қолөнер шебері, зергер Медет Еркебұлан Медеуұлы марапатталды.
Баян Алаудинқызы
04 қаңтар 2024 ж. 1 091 0