№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жарықтың бағасы қымбаттауы мүмкін

Жарықтың бағасы қымбаттауы мүмкін

Бүгінгідей тіршіліктің көзі электр энергиясына тәуелденген заманда жасанды жарықсыз өмір сүру мүмкін емес. Өйткені, кез-келген қажетімізге керек құралдың барлығы жарыққа тәуелді. Тіпті, жарықсыз көгілдір отын да жарамсыз. Заман талабына сай бар жұмысымыз электр тоғына байланған. Демек, біз электр жарығын көп мөлшерде пайдаланамыз. Ал, оның бағасының тұрақтылығы маңызды. Десе де, баға бағамының құбылған уақытында электр жарығының да құны өспек. Халықтың қалтасына салмақ салатын жаңалықты мамандар арнайы ауданға келіп, түсіндірме жасады.
         Наты тоқталсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополдияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Самал Ахметова мен «Шиелі Жарығы» ЖШС-нің директорыныңы уақытша міндетін атқарушы Жорабек Сәдібеков арнайы келіп, қоғамдық маңызы бар нарықта баға белгілеу қағидаларына сәйкес, алдағы уақытта реттелетін қызмет бағаларының көтерілетіні туралы жария тыңдау өткізді. Жиынға аудан тұрғындары мен мекеме басшылары мен тұтынушылар қатысып, жарықтың қымбаттауына байланысты өз ойларын ортаға салды.
-Электр энергиясы бағасының өзгеруінің негізгі себептері біріңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағасының 16,5 пайызға, электр энергиясын тасмалдау тарифтерінің «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 12,8 пайызға, (ҚЭТТК» АҚ-ның 26,9 пайызға және «КЕGОК» АҚ-ның ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметінің тарифі 2,9 пайызға өзгеруі себеп. Сонымен қатар, жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету қызметі бағасының 2,9 есеге өсуі, жабдықтаушы үстеме ақы мөлшерінің 1 кВт сағатқа 1,05 теңгеден 1,47 теңгеге артуы тоқ бағасының қымбаттауына әкеліп отыр, - деді Самал Бердәліқызы.
Оның айтуынша, осындай өзгерістерге байланысты мамыр айының соңында «Шиелі Жарығы» ЖШС-і электр энергиясымен жабдықтау қызметі бағасының алдағы уақытта көтеру туралы ақпаратын ұсыныған.
Басқосуға арнайы қатысқан Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев тариф бағасының қымбаттауы халықтың қалтасына салмақ салатынын айтып, ұсынысы айтты.
-Қазір аудан халқына жетіп отырған электр энергиясының сапасы нашар. Жел тұрып, жауын жауса жарық сөнеді. Тоқ желіліерінің барлығының тозығы жеткен. Қазір кентте 3 жылдан бері модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар бітіп, тұрғындарға сапалы жарық жеткеннен кейін тариф көтерілсе дұрыс болар еді. Өйткені өздеріңізге белгілі, қазір барлық шару тоққа тәуелді. Ауылдық жерлерде үй салқындатқышқа да күші жетпейтін электр пайдаланып отырған халыққа жарық бағасының өсуі тиімсіз, - деді Қайрат Әбдірахменұлы.
«Шиелі Жарығы» ЖШС-нің директорыныңы уақытша міндетін атқарушы Жорабек Сәдібековтың мәліметінше, «Шиелі жарығы» ЖШС электрмен жабдықтау қызметі бойынша ұсынған жобалық орташа босату бағасы қолданыстағы ҚҚС-сыз 1 кВт сағатына 24,26 теңгені құрап отыр. Бұл пайызбен есептегенде бағаның 28,4 пайызға өзгеруі мүмкіндігі. Тарифтің өзгеруінің басты себебі өндіретін электр станциялардың электр энергиясы, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызмет құнының және «КЕГОК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру бағаларының өсуінен де екенін жеткізді. Қазіргі кезде департамент тарапынан бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізілу үстінде. Дегенмен, тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын да атап өтті.
Иә, күнделікті үй шаруасына тұтынатын электронды техникадан бастап, қолымыздан бірер сәт те ажырамайтын гаджетіміздің де жарыққа тәуелді екені рас. Десе де, нарық заманында кез-келген өзгерістің әсері алдымен қарапайым қарашаның қалтасына салмақ салатынын естен шығармаған абзал. Онсызда азық-түлік бағасы қарыштап, қымбатшылық көмейден алған уақытта жарық бағасының өсуі тұрғындар тұрмысына әсер ететінін ескеру керек. Мамандар бағаның өзгеріп өзгермеуі әлі де талқыланатынын айтты. Бұл – алдағы уақыттың еншісіндегі іс.
Айсұлу Алданазар.
21 шілде 2024 ж. 2 359 0