Электр энергиясы бағасы өсе ме?

Электр энергия тарифтерінің өзгеруінің негізгі себептері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №226 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы құнының 0,1 пайыздан 6,6 пайызға дейін, электр энергиясын тасымалдау тарифінің «KEGOC» АҚ- ның 1,8 пайызға және «ҚТЖ» ҰК» АҚ- ның 18,6 пайызға жабдықтаушы үстеме ақы мөлшерінің 1 кВт. сағатқа 0,63 теңгеден 1,04 теңгеге артунан болып отырғандығын айтты.
Қазіргі кезде, Департаментпен бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, Департаментпен соңғы шешім 2022 жылдың 24 қазанында қабылданады.