№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Электр энергиясының бағасы өзгереді

Электр энергиясының бағасы өзгереді


«Шиелі Жарығы» ЖШС Жаңақорған ауданындағы филиалында жаңа тариф бағасын талқылау бойынша көпшілік қоғамдық тыңдау өтті. Оған ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова, «Шиелі Жарығы» ЖШС директоры Қалмырза Қасымов және сала басшылары, ауылдық округ тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, шаруашылық басшылары қатысты.


– Коммуналдық қызмет төлемдерін қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындар арасында тиісті ақпараттық жұмыстарды жүргізу міндет. Басқосудың негізгі мақсаты – электр энергиясымен қамтамасыз етуші «Шиелі Жарығы» ЖШС қызмет көрсету бағасын қайта қарау, – деді Гүлмира Сейітбекқызы.
Қоғамдық тыңдау барысында «Шиелі Жарығы» ЖШС директоры Қалмырза Айдарұлы электр энергиясының жаңа тарифы туралы түсіндірді.
– 2019 жылы Жаңақорған ауданы бойынша 14384 тұтынушы 54,9 млн. кВт электр энергиясын пайдаланады. Ал көрсеткіш төрт жыл бұрын 44,3 млн. кВт болатын. Осы төрт жылдан бері тариф бағасы өзгертілген жоқ. Қайта 2016-2019 жылы электр энергияның сатылу тарифінің бағасы алты рет төмендеді. 2016 жылы 0,4 процентке, 2017 жылы 3,34 процентке, 2018 жылы 2,19 процентке, 2019 жылы 0,68 процентке төмендеді.
Серіктестік арқылы сатылатын электр энергиясы тарифінің 40,1 проценті энергия өндіру ұйымдарына, 42,9 проценті электр энергиясын тасымалдаушы қызметіне, 0,68 проценті электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру қызметіне, 1,5 проценті электр қуатын реттеу қызметіне, 11,9 проценті электр қуатының жүктеміне әзірлігін қамтамасыз ету қызметіне, 3,0 проценті жабдықтау шығындарына жұмсалады, – деді Қалмырза Айдарұлы.
«Шиелі Жарығы» ЖШС директоры бөлшек саудада электр энергиясымен жабдықтау тарифін ұсынды. Ол бойынша – жеке тұлғалар үшін 15,26 теңге (бұған дейін 15,24 теңге), заңды тұлғалар 18,90 теңге (16,48) төлейді. Электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай бірінші деңгейге жататындар (70 кВт×сағатқа дейін) 15,06 теңге, екінші дейгейге (70 кВт×сағ. – 150 кВт×сағ аралығы) 18,31 теңге, үшінші деңгейдегілер (150 кВт×сағ жоғары) 22,88 теңге белгілеуді ұсынылды. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға бөлек тариф көзделген.
Бүгінде сарапшылар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру арқылы энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемаларды шешуге болатынын айтуда. Энергия үнемдейтін шамдарды қолдануды және қажетті жағдайда ғана электр энергиясын пайдалану мәдениетін дамыту маңызды. Қоғамдық жиында осы жөнінде де сөз болды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев Сыр беткейдегі ауылдық округ тұрғындары электр энергиясын сапалы тұтына алмай отырғанын, осыны реттеуді ұсынды. «Тасболат А» ЖШС директоры Бақытжан Тасболатов «СКЗ-U» ЖШС өндіретін электр энергиясын халық игілігін көрмей отырғанын жеткізді. Бұл сұрақтарға серіктестік басшысы жан-жақты түсіндіріп берді.
Жалпы жиынға жиналғандар жарықты жеткізуде сапаға мән беру қажеттілігін, ал жаңа тариф бағасына қарсылық жоқ екенін білдірді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
18 қаңтар 2020 ж. 1 183 0