№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тарифтегі өзгерістер талқыланды.

Тарифтегі өзгерістер талқыланды.

Кәсіпкерлік Кодекстің 124-6-бабының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының талаптарына сәйкес алдағы уақытта реттелетін қызмет бағаларының көтерілетіні туралы 26 шілде күні «Шиелі Жарығы» ЖШС-нің ғимаратында жария тыңдау өтті. Жария тыңдауға аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.


Электр энергия тарифтерінің өзгеруінің негізгі себептеріне келсек, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №192 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 маусымнан бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы құны 4,5 пайыздан 29,5 пайызға дейін, электр энергиясын тасымалдау тарифі «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ бойынша 16,2 пайызға, жабдықтаушы үстеме ақы мөлшері 1 кВт.сағатқа 0,88 теңгеден 1,15 теңгеге артқалы отыр.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 маусымда «Шиелі Жарығы» ЖШС-і электр энергиясымен жабдықтау қызметі бағасын алдағы уақытта көтеру туралы ақпаратты ұсынды. «Шиелі Жарығы» ЖШСнің электрмен жабдықтау қызметінің жобалық орташа босату бағасы қолданыстағы ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ 19,14 теңгенің орнына ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ 22,12 теңгені құрады. Бұл 15,6 пайызды көрсетеді. Қазіргі кезде, Департаментпен бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізілуде.

Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ескертпелер мен ұсыныстардың негізінде Департаментпен соңғы шешім 2023 жылғы 15 тамызда қабылданады.
31 шілде 2023 ж. 332 0