№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Электр энергиясы өсе ме?

Электр энергиясы өсе ме?


Жұма күні ауданымызда «Шиелі жарығы» ЖШС мекемесінде тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау қызметі бойынша көпшілік қоғамдық тыңдау өтті. Басқосуда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Кулдарайхан Токанқызы мәлімдеме жасады.

 Ол кәсіпкерлік Кодекстің 124-6 бабының және Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықта баға белгілеу қағидаларының талаптарына сәйкес алдағы уақытта электр энергиясының көтерілуі мүмкін екендігін хабардар етті. Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты.

Электр энергия тарифтерінің өзгеруінің негізгі себептері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №226 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы құнының 0,1 пайыздан 6,6 пайызға дейін, электр энергиясын тасымалдау тарифінің «KEGOC» АҚ- ның 1,8 пайызға және «ҚТЖ» ҰК» АҚ- ның 18,6 пайызға жабдықтаушы үстеме ақы мөлшерінің 1 кВт. сағатқа 0,63 теңгеден 1,04 теңгеге артуынан болып отырғандығын айтты.

Қазіргі кезде, Департаментпен бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, Департаментпен соңғы шешім 2022 жылдың 24 қазанында қабылданады.

Ботагөз БЕКМАХАНОВА
18 қазан 2022 ж. 825 0