» » "WORLDSKILLS -2024": ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫ

"WORLDSKILLS -2024": ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫ

15 ақпан күні Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде Worldskills kazakhstan ұлттық чемпионатының колледжішілік байқауының ашылу кезеңі болды.
WorldSkills- жас кадрларды кәсіби деңгейде даярлап шығуға бағытталған жоба. "WorldSkills"- жұмысшы кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс. Мақсаты жұмысшы мамандығының беделін көтеру, техникалық кәсіптер, оның ішінде жұмысшы кәсібіне деген жастардың қызығушылығын арттыру. Бұл жоба жастарға берілген мол мүмкіндік.

Биылғы байқауға колледжден 5 құзіреттілік бойынша, 20 студент қатысуда. Олар:
1.Аспаз ісі
2.Жеңіл автомобильдерге техникалық қызмет көрсету
3.Дәнекерлеу технологиясы
4.Веб-дизайн және әзірлеу.
5.СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар бойынша қатысушы студенттеріміз өз білімдерін сынауда.

Байқауды колледж директорының м.а Талғат Шарапұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

16 ақпан 2024 ж. 740 0