» » Кәсіпорындарда экологиялық талап күшейеді

Кәсіпорындарда экологиялық талап күшейеді

Үкіметтің кезекті
отырысында Премьер-
Министр Әлихан Смайылов
екі мәселені қарап, тиісті
тапсырмалар берді. Оның
бірі кәсіпорындарда
экологиялық талаптарды
сақтау мен ғылымды
коммерцияландыру туралы
айтып, құзырлы министрлікке
бірқатар жұмыстарды
жүктеді
ндірістерді жаңғыртудың және
жалпы экономиканың инновациялық
дамуының басты шарты. Өнеркәсіп
сапасының өсуі үшін ғылым мен
индустрияның тығыз интеграциясы
қажет. Біз отандық ғылымның
мүмкіндігін кеңейту және бәсекеге
қабілеттілігін арттыру бойынша
жүйелі шаралар қабылдаймыз.
Тиісті шаралар кешені Жоғары білім
мен ғылымды дамытудың 2029
жылға дейінгі тұжырымдамасында
көзделген. Басты назар қолданбалы
ғылымды дамытуға, бизнесті ғылыми
жобаларды бірлесіп қаржыландыруда
белсенді болуды ынталандыруға,
ғылыми-технологиялық парктер мен
инжинирингтік орталықтар құруға
аударылады», – деді Ә.Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша,
тұжырымдаманы іске асыру
барысында ғылыми жобаларды
коммерцияландыру мен бірлесіп
қаржыландырудың үлесі 50 пайызға
дейін ұлғаяды деп күтілуде. “Ғылым
және технологиялық саясат туралы»
заң жобасында ғылыми жобалардың
нәтижелілігін экономикадағы
сұранысты ескере отырып қамтамасыз
ету бойынша бірқатар норма
қарастырылған. Осы құжатқа сәйкес,
ғылыми зерттеулердің технологиялық
әзірлігін бағалауы енгізіледі, мұнда
олардың идеядан іске асырылуға
дейінгі кезеңдері бағаланады. Бұл
теориялық әзірлемелерді тәжірибеге
жуықтатуға ықпалын тигізеді. Сондай-
ақ технологиялық брокерлік және
венчурлік қаржыландыруды енгізу
көзделуде” – деді.
Бұл бизнесті ғылым саласына
атсалысуға ынталандырып, ғылыми
жобалардың нақты нәтиже беруі үшін
ортақ жауапкершілікті арттырады.
Ғылымға жеке инвестициялардың
тартылуы үшін салықтық жеңілдіктер
мен преференциялар көзделетін
болады. Ғылымды жергілікті
бюджеттен қаржыландыруға алғаш
рет мүмкіндік беріледі. Жалпы,
республикалық бюджеттің ғылыми
мақсаттарға жұмсалатын шығыстары
соңғы 3 жылда 3,3 есе өсіп, 643
млрд теңгені құрады. 2024-2026
жылдарға шамамен 730 млрд
теңге қарастырылған. Осы саланы
қаржыландыруға жұмсалатын
шығыстардың ұдайы өсіп отырғанын
ескере отырып, ғылыми жобалардың
нәтижелі болуын арттыруға, олардың
қолданбалы сипатына баса мән
берілуі тиіс екені де айтылды. Осыған
байланысты Әлихан Смайылов Ғылым
министрлігі мүдделі мемлекеттік
органдармен және ұйымдармен
бірлесіп мынадай жұмыс атқаруы
қажет екенін жеткізді.
27 қаңтар 2024 ж. 404 0