№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкімет басшысы жанармай бағасын өсіруге қатысты: Басқа жол жоқ

Үкімет басшысы жанармай бағасын өсіруге қатысты: Басқа жол жоқ



Елімізде жанар-жағармай нарығына қолдау көрсетіліп, оны елден заңсыз әкетудің жолын кесу үшін тиісті шаралар қабылданады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін баға айырмашылығын төмендету керек. Бұл елден мұнай өнімдерінің жаппай шығарылуын азайтуға және ішкі нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бізде бұдан басқа жол жоқ. Дегенмен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған дизель толығымен бөлінді. Оларға баға 204 теңге күйінде қала бермек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері алдында мәлімдеме жасай тұрып.
«Наурыз айының өзінде жанар-жағармай тұтыну көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға өскен. Егер республика баға айырмашылығын қысқартпаса, онда биыл 850 мың тоннаға дейін көлемде жанармай тапшылығына ұрынамыз. Сонымен қатар жанармай өндіруде ішкі нарықты қолдау және елден заңсыз әкетудің жолын кесу үшін тиісті шараларды қабылдаймыз», — деп толықтырды Үкімет басшысы.
06 сәуір 2023 ж. 261 0