№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұқтажы жоқ елдің мұңы болмайды

Мұқтажы жоқ елдің мұңы болмайды


Қашанда елдің еңсесін тіктейтін негізгі тірегі – еңбек. Олай болса еңбек адамдарына жағдай жасауды мемлекет басты назарда ұстауы тиіс.
Осы қағиданы мықтап ұстана білер принципшілдігімен танылған аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтың талапты тапсырмалары талай жабулы қазан жабуымен жатқан мәселелерге қозғау салып қана қоймай, басшының ынталы қолдауынан қуат алып, елдің ырысқы-несібесін еселеуге жол ашып келеді.

Мемлекет басшысының ұйғарымымен әкімдердің әр үш ай сайын елмен бетпе-бет кездесуінде өзекті мәселелерді бүкпесіз ортаға салып, ортақ ойласуы бөтен жел сөз, дүмбілез даңғазаға ерік бермей, прогрессивті дамуымызға даңғыл жол ашып отырғандай.
Апта басында Бірлік, Қыраш елді меендерін аралаудан бастаған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы мереке демалысынан соңғы алғашқы жұмыс күнін Қожакент ауылы тұрғындарымен кездесуден бастады.

Қожакент ауылдық округі ауданда¬ғы елдімекендер арасында перспектива¬лық даму әлеуеті басым, халқының да белсенділігі жоғары, белді де беделді ауыл. Ауылдық округті меендейтін 3,5 мың халықтың түгелге жуығы өз-өзін жұмыспен қамтыған деуге болады. Елде 80-ге жуық шаруа қожалығы, 267 жеке кәсіпкер бар. Шаруашылыққа жарамды алқапты бос қалдырмай, алты ай жаз еңбектенетін ауыл адамдарының маңдай терінің нәтижесінде қамба астыққа толып, әрбір жанұя ертеңгі күнінің қам-қарекетін сайлап қана қоймай, ортақ бесігі – ел ішінің ажарын ашып, абыройын асыру жолында да бірлесіп тірлік жасауды жолға қоя білген. Сол ауызбіршіліктерінің арқасында өзге ауылға қарағанда елдігі бекем, еңсесі биік.

Аудан әкімі осы ерекшелікке маңыз беріп, еселі еңбегіне ғана иек артып, бай да бақуатты тұрмысқа ұмтылған еңбеккерлермен өткен жолғы кездесуде де кежегесі кейін тартқан, негізсіз билікке міндет артқан мәселелердің туындамағанын еске алып, алдағы уақытта қандай көмектер қажеттігін сұрады.

Ауыл еңбеккерлері атынан сөз алған Мұхтар Бұрханов пен Бекмұрат Тұрғанбаев күріштік атыздарынан су құйылған қашыртқыларды тазалау бойынша сауалдарын қойды. Мұны шешу үшін Келінтөбе К-1 каналын қаздырып, суды тарттыру керек. Әр шаруашылық иелері негізгі егіс алқаптарына баратын су жолдарын, қашыртқыларды шама-шарқынша өздері тазалап, әрекет етуде.

Р-16, Р-12,6 қашыртқыларын таза¬лауға эксковатордың да күші жетпейді, дранглайнмен қазу қажет. Аудандық су шаруашылығы мекемесіне қарайтын К-2 каналы тазалану керек.

Бұл жөнінде аудан әкімі тиісті мекемеге тапсырма беретінін айтты.

Екінші мәселе, ауыл әкімі кеңсесі ғимаратының жағдайы сын көтермейді. Кеңсенің екінші қапталында шаштараз, пошта бөлімшесі орналасқан. Мекемеде ардагерлер үйі, жастар орталығына да жай жеткілікті, тек жайлы қоныс теуіп, жайбарақат жұмыс жасауға есік-терезесі алқам-салқам, күрдері жөндеуді қажет етеді екен.

Аудан әкімі жалпы елді мекендердің сыртқы келбеттенуі, көше жарықтарының самаладай жарқырап, ажарын арттыру мақсатында алдағы кезеңде елді ауылдық округтерге қаржы бөлуге ықыласты екенін, соның қатарында бұл мәселені де шешуге тырысатынын айтты.

Қожакент ауылы тұрғындары үшін ең қат мәселе – көгілдір отын. Ауылға газ қашан келеді? Газ желісі Өзгентке дейін келіп тұр, одан әрі Қожакент ауылына тартуға Жаңақорғанда тұрған АГРС-тің газ трубаларының сыйымдылығы жеткі¬ліксіз болуы мүмкін. Оның үстіне келесі жылға Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден, Тө¬менарық, одан соң Еңбек, Екпінді, Сунақата, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылы қосылмақ. Барлығы бір АГРС-тан жабдықталып тұр. Бесарыққа АГРС салдыратын болсақ Қожакентті қамтыған болар едік. Бұл мәселелер терең ойластырылып, шешіледі деді әкім.

Аудан әкімі бастаған салалық мекеме басшылары мұнан әрі Өзгент ауылына бет алды. Бұл ауылда жаңадан салынып жатқан 150 орындық клуб үйі құрылысының таяу арада толық бітетініне көңілде күмән ұялады. Құрылыс айналасында қайнап жатқан жұмыс жоқ. Кісі қолы да, техника саны да жадау. Су және жылу жүйелері де толық бітпеген. Құрылыстың айналасында бардер қою, асфальттау сынды көп жұмыстар атқарылуы керек. Қылышын сүйреткен қыс қыр астында. Бұл қалай атқарылып бітеді?

Өткен жолы Өзгент ауылы тұрғындарымен кездесуде елді мекенде электр жарығы мәселесі көтеріліп, жұртшылық энергия күшінің жеткіліксіздігінен жарық жиі өшетінін айтып шағынған. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Аудан әкімі биылғы жылы ең қиын деген 11 ауылдың электр энергиясына 2 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінді. Енді жаңа жылға дейін тағы 5 ауылдың жарықтандыру жобасына қаржылай көмекке жеке демеушіге өтініш айтып отырмыз, – деді. Осының қатарына Өзгентті қосатынын жеткізді.

Аудан әкімінің өткен жолғы Маш¬бек ауылы халқымен кездесуінде елді мекенге спорт комплексі қажет деген мәселе көтерілген болатын. Ол жұмыс қолға алынды. Биыл қажетті қаражаттың жартысы қолға тиді. Алдағы жылы толық бітетін болады. Ауылда жайылымдық жер мәселесінің өзектілігін жоюда аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Әбілғазы Төлегеновке тапсырма беріп, заңдылықтар шегінен тыс әрекеттерге тосқауыл қою, уақытында беріліп кеткен жерлерді иемдену мерзімінің созылып кетпеуін қадағалауды ескерткенін айтты әкім.
Машбек ауылында тұрғындар игілігіне барлық жағдай жан-жақты жасалған деуге болады. Мектеп, балабақша, клуб үйлері жаңадан салынған. Спорт кешені, көпір қүрылысы алдағы жылы пайдалануға берілмек. Газ мәселесі де шешімін тауып келеді. Биылдың өзінде 5 елдімекенге көгілдір отынға 3,5 млрд теңге қаржы қаралып тұр.

Баян ҮСЕЙІНОВА
30 қазан 2022 ж. 1 919 0