№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Киберспортшының болашағы қандай?

Киберспортшының болашағы қандай?

Шыны керек, біздің қоғамда көп ата-ананы баласының компьютер ойындарына шектен тыс қызығушылық танытуы алаңдатады. Одан да спорт секциясына барып, ән-би үйір­мелерін жағалап, пайдалы іспен айналысқанын қалайды. Егер кәсіби ойыншының мансабы 30-35 жаста аяқталатынын ескерсек, ал, бұл спортта жасқа шектеу жоқ дейді мамандар. Сондықтан, Ресейдегі интернетті да­мыту институтының сарапшылары киберспортты зияткерлік ойынға балап, мектеп бағдарламасына қосуды ұсынған.
Соңғы кезде шетелдік сарапшылар компьютер ойындарына қызығатындар жылдар бойы жинаған тәжірибесін жұмыс орнында тиімді пайдалана алады деген тоқтамға келген. Мәселен, кейбір ойындарда талап етілетін стратегиялық ойлау, берілген мүмкіндіктерді дұрыс қолдану, жылдам сараптай білу секілді қасиеттер кейбір жұмыс берушілер үшін маңызды екен. Екі жыл бұрын Glasgow университетінің бір топ зерттеушілері компьютер ойындары студенттің үздік болуына көмектеседі деп топшылаған. Сондықтан әлем халқы мүмкіндігінше осы ойындарды нағыз спорт саласына серпін береді деп дамытуға бар күш-жүгерін салуда. Ресейде сала болып жоғары оқу орнының бағдарламасына енгізілуі мүмкін.
19 мамыр 2021 ж. 1 866 0