№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Компьютер қолданғанда смартфон ұстамаған жөн

Компьютер қолданғанда смартфон ұстамаған жөн

Смартфон мен компьютерді шектен тыс қолдану депрессия мен маразмға (алжуға) әкеледі. Жапон ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Зерттеу нәтижесін Nikkei Style басылымы жариялады. «Окумура» есте сақтау клиникасының директоры Аюми Окумураның айтуынша, қазір есте сақтау қабілеті бұзылған, нашарлаған адамдар көбейді. Олардың арасында 30 жастан асқандар да бар.

Дәрігер мұның себебі адамдардың ұялы телефон мен компьютерді көп қолданатындығында дейді. Өйткені компьютер мен телефоннан келетін ақпарат көп болғандықтан, адам оның бәрін қорытып үлгермейді. Содан адам миы қоқысқа айналады. Васэда университетінің профессоры, нейрохирург Есикуни Эдагаваның айтуынша, адам қабылдаған ақпаратты мидың маңдай бөлігіндегі префронтальды қабық қорытады. Мидың бұл бөлігі, сонымен қатар, ойлау мен шешім қабылдауға, есте сақтау мен сезім білдіруге жауап береді.
Егер ақпарат шектен тыс көбейіп кетсе, мидың бұл бөлігінің жұмысы қиындап, ақыры істен шығуға, ақауға әкелуі мүмкін. Мұндай адам жай нәрсенің өзінен қателік көп жібереді, есте сақтауы төмендейді, оқығанын жаттай алмай қиналады. Оның арты ашу-ызаға айналып, қызығушылығы мен мотивациясы жоғалады.
Сондықтан ғалымдар компьютер қолданып не теледидар көріп отырған кезде смартфон пайдаланбаған жөн дейді. Тағы бір кеңес: ұйқыны қалыпқа келтірген дұрыс. Өйткені ми ұйқы кезінде ғана тынығады. Сондай-ақ тамақ ішіп отырған кезде де ұялы телефон қолданбаған абзал. Ал Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандары қозғалмай отыру мен видеоойындарға деген құмарлықтың кесірінен жыл сайын 5 миллион бала көз жұматынын айтады. Мамандар балаларды ерте жастан бастап жүруге, қозғалуға үйретпесе, кейін мұндай өмір баланың әдеті болатынын ескертеді. 
13 наурыз 2020 ж. 603 0