№61 (8462) 3

03 тамыз 2021 ж.

№60 (8461) 31

31 шілде 2021 ж.

№59 (8460) 27

27 шілде 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы заңнамалық жаңашылдықтар

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы заңнамалық жаңашылдықтар

2020 жылдың 25 маусымында Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Аталған заңмен 7 құқықтық актіге, оның ішінде 3 кодекс және 4 заңға өзгерістер енгізілді. Заң түзетулерінің топтамасы 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша БҰҰ-ның мызғымас қағидаттары негізінде қалыптасты.
Заң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 50 тармағын және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, тұтынушылық дауларды сотқа дейін қарау мәселелерінде үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық күшейтуге және белсенді тартуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның рөлін күшейтуге бағытталды. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтсек.
Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және шығындарды өтеу басымдылығы болып табылатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын қараудың дәйекті үш сатылы жүйесі енгізілді:
I деңгей – тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылық беру арқылы мәселені өз еркімен, не сотқа дейінгі реттеу арқылы шешілуін қарастырады. Бұл үшін заңда дауларды сотқа дейін қарау институттары рөлінде болатын үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейтуге бағытталған нормалар көзделген. Атап айтқанда, тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілеріне медиация және төрелік институттары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктері, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар жатқызылған. Заңмен сатушы үшін шағымдарды белгіленген мерзімдерде қарау міндеті қарастырылған.
II деңгей – тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шағымын уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында функцияларды жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға жіберуді көздейді.
   III деңгей - талап арызды сот органдарына жіберуді көздейді.Осылайша, дау-дамайдың басым бөлігі бірінші сатыда шешілетін болады, яғни сатушымен талқылау сатысында, бұл оның қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін және тікелей сатып алушы алдындағы материалдық жауапкершілігін арттырады.
Тұтынушылар мәселелерін шешуде қосымша көмек ретінде «бір терезелі» принцип бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйе қолға алынбақ. Аталған жүйені құру арқылы барлық қорғаныс шаралары бірыңғай ретке келтіріліп, шағымды өңдеу мен уәкілетті органдарға жіберу процессі оңайлана түсетін болады. Тұтынушалардың қолайлылығы үшін шағымның себебі мен қызметтің түріне байланысты Жүйеге шағымдардың типтік формалары орналастырылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультациялық-кеңесші орган - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік бақылау міндетін атқарады, яғни, профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Бұдан басқа, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату орындарында сатушының, уәкілетті органның және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыстарын орналастырмағаны үшін, сондай-ақ тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беру талаптарын орындамағаны  және тұтынушылардың шағымдарына заңмен белгіленген мерзімде жазбаша жауап бермегені үшін кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі қаралған. Бұл шаралар құқықбұзушылықты тек қана өз еркімен реттеуден бас тартқан кәсіпкерлерге қолданылатын болады.
Заңдағы тағы бір бағыт – өкіметтік емес ұйымдарды белсенді түрде араластыру және қолдау. Құқықбұзушылықты толықтай ретке келтіру үшін тұтынушы шағымдарын сотқа дейін реттеу субъектілері екіжақты мәмілеге қол жеткізілген жағдайда моральдық зиянды өтеу құқығына ие болады.Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері әлеуметтік бақылау жүргізу құқығына ие болды. Бұдан басқа, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне өкілдік қызметтер көрсетуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық қорғау алу үшін оларға консультация беруге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ұсынылатын болады.
Жалпы алғанда аталған өзгерістер тұтынушылардың шағымдарын мен тартысты жағдайларды толық форматта жедел түрде қарап шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда  
06 мамыр 2021 ж. 1 674 0