№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рейд бағаны реттеуге бағытталды

Рейд бағаны реттеуге бағытталды

Карантин кезінде дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектің тапшы болғаны жасырын емес. Соның салдарынан бұған дейін қолжетімді бағада сатылып келген дәрілердің қымбаттап кенткені әлі есімізде. Әрине, мұндай жағдайды басқа қайта салмасын. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Алдын алған да жөн. Осыны мұрат еткенаудандық прокуратура бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттың шекті бағаларына мониторинг жүргізді.
Қазақстан Республикасы Ден­сау­лық сақтау министрінің «Бөл­шек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» 15.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен дәрілік препараттардың шекті бағалары бекітілген. Осы орайда аудандық прокуратураның бастамасымен мониторингтік топ құрылып, аудан көлемінде орналасқан дәріханалардың қызметіне мони­торинг жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Бұл жөнінде аудандықпроку­ратураның прокуроры Ернұр Талантов айтты.
– Бүгінде қадағалау аумағында орналасқан 26 дәріхана бар. Оның 10-ы тұрақты жұмыс жасайды. Тексеру барысында дә­рі­лік препараттарды көтерме бағада сатумен айналысқан  5 дәріхана анықталды. Мәселен, Б.Майлин көшесінде орналасқан «АнсарФарм» дәріханасында шек­ті бағасы 4041,37 теңге тұра­тын «Азитро-r» дәрісін 4200 теңгеден сатқаны анықталды. Бұл жағдай аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кіта­бына тіркеліп, жинақталған іс құжаттар шешім қабылдау үшін Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Нәти­жесінде құқық бұзушы тарап жауапқа тартылды, – деді прокурор.
Заң саласы маманының сө­зін­ше, аудан тұрғындары бағаның қымбаттағаны жөнінде ақпа­рат білсе заң органдарына хабар­ласуына болады. Өйткені белсенді азаматтық қоғам бағамы бақылаудың нақты көзі. Егер дәрі-дәрмек қымбат бағаға сатылып жатқаны анықталса «DariKZ» мобильдік қосымшасы арқылы шағымдануғамүмкіндігі бар. 
Сондай-ақ дәріханаларда ба­қы­лау-кассалық машинасы ар­қылы берілетін түбіртекте (чек) сатылған препараттың атауы мен бағасы көрсетілуі міндетті екені қоса ескертілді.
Мониторинг барысында кент­те орналасқан бірқатар дәріха­налардың қызметі бақылау-кассалық машинасыз көрсетіліп жатқаны анықталды. Оларға аудандық прокуратурамен заң талаптары түсіндіріліп, Жаңа­қорған ауданы бойынша мем­лекеттік кірістер басқармасы арқы­лы тиесілі нұсқама беріл­ді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аудандық проку­ратура мамандары тара­пынан дәрі-дәрмек бағасының шарықтамауын қадағалау және ба­қылау жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты түрде жүр­ізіліп тұрмақ.
«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» демекші, қазіргідей коронавирус жайлаған қиын-қыстау кезде ем іздегендерге қажетті дәрі-дәрмекті  әдейі қымбатқа сатып, заңды белден басып отырғандар жазасыз қал­ауы тиіс.
Коронавирустан келетін қауіп әлі сейілген жоқ. Мұндай сәт­те қойылған талапты ұстану маңызды. Міне, құзырлы орган мамандары осы бағытта да түсіндірме жұмыстарын жүр­гізіп, инфек­цияның таралуын бол­дырмауда алдын алу шараларына мән берді.
– «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профи­лактикалық іс-шараларды ұйым­дастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ-№­тарын сақтау ең алдымен тұғын­дардың амандығы  үшін қажет. Бетперде кимей, антисептик қолданбай, карантин кезінде белгіленген уақытқа бағынбай, қызметін жалғастырған кафе-тойхана иелері мен жеке тұлғалар әкімшілік жауап­кершілікке тар­тылатын болады. Осыны тұр­ғындарға түсіндіру маңызды деп санаймыз, – деді Ернұр Талантұлы.
Жүргізілген рейд кезінде мониторингтік жұмысшы топ барлығы 36 деректі анықтады. Оларға ҚРӘҚБт-нің 425 бабының 1 бөлігімен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағызаңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзды деген бағытта  шара қолданылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
15 қыркүйек 2020 ж. 620 0