№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Салық салғырттықты көтермейді

Салық салғырттықты көтермейді


Халықтың әлеуметтік және экономикалық дамуында мемлекеттік салықтың айтарлықтай маңызы бар. Ортақ қазынаның ортаймауына әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы қажет-ақ. Биылғы жылдың тоғыз айының салық түсімдері жайында Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім меңгерушісі Айдархан Ердесбековпен өрбіген брифингте салыққа салғырт қараған азаматтардың заң алдында жауапқа тартылатынын білдік.


Салыққа түскен қаражат ортақ мүддеге бағытталады. Сол үшін әрбір азамат салықты уа­қтылы тапсырып, қоғам алдындағы міндетіне жауапкершілікпен қа­раған абзал. Мұны сөз еткен бас маман жыл басынан бері салықтан жал­та­рушылармен қырауар іс атқа­рылып жатқанын ай­тады.
– Салықтың қай түрін бол­масын өз мерзімінде төлеу керек. Әйтпеген жағдайда қаржысы арта беруі мүмкін. Көп тұр­ғын осыны жете ұғына бермейді. Салғырттық сал­дарынан көпшілігінде мем­лекет алдында қарызы ұлғайып отыр, – дейді бас маман.
Жыл басынан бері тоғыз айдың ішінде 14831886 млн. қаражат бюджет қа­­зан­­дығының қорын то­лық­­тырды. Оның ішінде Рес­пу­б ликалық бюджет қоры 12 896 187 мың теңгені құраса, жергілікті бюджет 1752305 мың теңгеге ұлғайды. Прези­денттің кәсіпкерлікті қол­дау бағытында 3 жылға дейін салықтан босатылған тұл­ғалар ай сайын есеп тапсыруда. Бұл кәсіп бастаған бес мыңға жуық тұлғаға айтарлықтай қолдау болып отыр. Мемлекеттің айрықша қолдауын сезінген кәсіп иелері карантин уақытында қаржылық тапшылыққа ті­рел­меуге осының өзі сеп болып отырғанын айтады. Дегенмен, салыққа сал­ғырттық танытып, дер кезінде төлем жасамай отыр­ғандар да тізімге ілігуде. Бұл жөнінде Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кіріс­тер басқармасының бас маманы Сұлтан­хан Хойшиев жергілікті жерде көлік иелерінің салығы төмен дәреже төленіп жатқанын айтады. Оған себеп, көлік иелерінің көлік сату кезінде заңды құжатты рәсім­де­меуінен салық мөлшері артуда. Кейбірі шет аудан­дар­ға сатылғанымен, оның құжаттамасы әлі толық аударылмауы салық төлеуде мәселелерге ұласуда. Мұндай жауапсыздықтың соңы сотқа итермеуге алып келуде.
– Жыл басынан бері салық­тан жалтарған 236 адамның үстінен сотқа шағымданып, іс қозғадық. Нәтижесінде 70 пайызын өндірдік. Енді тағы да 15 адамның құжатын дайындап, сотқа ұсынудамыз. Бұл да өз нәтижесін береді, – дейді Сұлтанхан Хойшиев.
Сондықтан қандай да бір мүлікті сатқан кезде, салықтан тізімнен шығарып, құжатты заңдастыру маңыз­ды. Ал сатып алушы­лар да бұрынғы мүлік иесінің қаншалықты қарызы бары­на мән берген абзал. Заңсыздыққа жол берілсе, оған жауап беруге тура келеді. Осындай келеңсіздікке жол бермеу үшін әрбір азамат құжаттандыру туралы сауат­тылықты арттыру маңызды.
Айта өтейік, сотқа ұсы­ныл­ған тұлғалардың кез-келген екінші деңгейлі банктегі жеке шот­тары, карточкалары бұ­ғат­талады. Салық төлен­бейінше банктік қызмет ала алмай қалуыңыз әбден мүм­кін. Егер ұзақ мерзімде салық төлемін жасамаған жағдайда шетелге де шығу құқынан айырылып қалуыңыз әбден мүмкін.
Ауыл аймақта са­лық төлемдерін төлеуде бел­сенділік байқалады. Мәселен Көктөбе, Қожакент, Беса­рық, Қыркеңсе, Сунақата, Төменарық, Машбек, Жаңа­рық, Аққорған ауыл­дары межелі міндетті орындап, салық түсімдерін толық аяқтаған. Ал, Талап ауылдық округі тоғыз айғабелгіленген меженің төленіп, жұмыс жүйелі жүргізіп отырғаны байқалады. Жалпы ауылдар бойынша тоғыз айда 232,3 млн теңге көлемінде қаражат жиналған.

ТҮЙІН. Салық – айналып келгенде өзімізге қайтатын капитал. Көшелердің жа­рық­тандырылуы, құры­лыс­­тардың қарқын алуы, өр­ке­ниеттің дамуы да біз бен сіздің салып отыр­ған салықтан жүзеге асы­ры­лады. Салықтан жал­тару – азаматтығымызға жат. Қоғамның ортақ мүддесін сезіне отырып, салықты уақытында төлеу әрбір тұрғынның парасатты пайымы.

Мақпал ПӘТЕНОВА

15 қыркүйек 2020 ж. 576 0