№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қиын-қыстау уақытта бір-біріне демеу болды

Қиын-қыстау уақытта бір-біріне демеу болды

   "Жаңақорған тынысы" Қазақтың мыңжылдықтар көшінде өміршең болуының бір себебі – «Кең болсаң, кем болмайсың», «Қолы ашықтың, жолы ашық» деген ұлағатты ұстанып келуінде деп ойлаймыз. Арыстағы апат кезінде жер-жердегі жұрт қолдау көрсетіп, демеу болды. Енді Мақтаралдағы оқиға көңілге кірбен келтіріп, Өзбекстанның жауапсыздығы жанға батты...
Енді ондағы ағайынды сөзбен емес, іспен қолдау білдірген дұрыс. Осыны ескерген, «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры мен Жаңақорған жастар ресурстық орталығының белсенділері, қайырымды кәсіпкерлер төрт газелге қажетті тауарлар тиеп, мақтаралдықтарға жеткізіп берді.

2020 жылдың 1 мамырында сағат 16.00 шамасында Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасының бұзылуына байланысты Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекені судың астында қалды. Шаруалардың көктем шыға жерге сіңірген еңбегі зая шекті, яғни 7639 гектар егістік алқабы, мал-мүлік түгел тасқын судан зардап шекті. Санаулы сағатта мыңдаған аса адам үйсіз-күйсіз қалды. Мұны естіген әр өңірдегі қайырымды азаматтар көмек қолын созуға асықты...
Әрине жаңақорғандық жаңашыр жандар жіберген заттар мақтаралдық ағайынның жоғалғанын түгелдеп бермесі анық, бірақ рухани демеу болып, бірнеше күнге күш-қуат береді деген үміт бар. Айлардың сұлтаны – Рамазан айында сауапқа кеңелуге асыққан азаматтар гуманитарлық көмекке ерікті түрде үлес қосты.
Сонымен Мұрат Әбдрайымов, Нұрлан Алиакпаров, Ғазиз Әйтілеуов, Нұрбол Бакиров, Есенкелді Қалдыбаев, Данияр Досантаев, Дәулет Тұрабаев, Арман Мажитов, Наурызбай Орынбасаров және т.б белсенділер Мақтаралды бағытқа алып, ондағы ағайынның қиындығын жеңілдетуге асықты.
– Алдымен Өргебас елді мекеніне тоқтап, жаңақорғандықтардың аманатын тапсырдық. Сосын Фердауси, Достық, Жамбыл ауылы мен Мырзакент кентіне арнайы бардық. 4 газельге тіркелген 13 тонна қажетті затты табыстадық. Оның ішінде, ұзаққа сақталатын азық-түлік пен тұрмыстық, құрылысқа қажетті заттар және көрпе-төсек пен киім-кешек бар, – дейді аудандық мәслихат депутаты, «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының белсенді мүшесі.
Айта кететіні, үш газельді кәсіпкерлер, жастар ресурстық орталығының жастары және қоғамдық қордың мүшелері толтырды. Ал төртінші газельді Жаңақорған ауданының 1998 жылы туған жастары ерікті түрде жолға шығарды.
– Мақтаарал жұртының басына түскен қиындық барлық елге ортақ. Біз осы сапарымызда ондағы ағайынның жайын біліп, қолдау көрсетіп, алдағы уақытта қандай жәрдем қажеттігін біліп қайттық, – дейді 1998 жылғы жастардың ұйымдастырушының бірі, кәсіпкер Мақсат Әлиев.
Бір қуанарлығы аудандағы белді кәсіпкерлер өздері көмек керуенін бастап барып, ондағы жұртқа рухани демеу көрсетіп, ауыртпалығын жеңілдетуге мән берді.
– Мақтааралға аман-есен барып, ондағы жағдайды көзбен көрдік, құлақпен естідік. Жүздеген жүк техникасы, әскери сарбаздар, өрт сөндіру қызметі қызмет көрсетуде. Халық барша Жаңақорғандықтарға, көмек қолын созған өңір тұрғындарына алғыстарын жарыса жеткізді. Әрине, бұл – соңғы гуманитарлық көмек емес. Әлі жаңақорғандықтар қолдаса, жалғастырамыз. Өйткені әр қазақтың қасіреті ортақ, – дейді Мақтаралдағы жағдайды көзбен көріп, бағдарлап қайтқан кәсіпкер Ғазиз Әйтілеуов.
Иә, қазақ ұлты қанша қасіретті бастан өткізсе де мойыған жоқ. Кеңпейілділігінің арқасында қиын-қыстау уақытта бір-біріне демеу болды. Тіпті тағдыр тауқыметімен келген өзге ұлт өкілдеріне қамқорлық жасап, аман-есен ұрпақ өрбітуіне жағдай жасады. Демек ұттық кодта жасырынған қайырымдылық қасиетін осындай сәттерде көріп, танып жатырмыз.
– Арыстағы апат кезінде жер-жердегі жұрт қолдау көрсетіп, демеу болды. Біздің ауданнан да бірнеше рет көмек керуені жіберіліп, ондағы құрылыс жұмыстарына қатысты. Апат айтып келмейді. Енді Мақтаралдағы су тасқыны елдің бірлігінің арқасында еңсеріп, қиындықты жеңеміз! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей назараны алғанын Twitter-дегі аккаундтында жариялап отыр, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Расында Мемлекет басшысы Twitter желісінде Өзбекстан Үкіметі су тасқынынан зардап шеккен мыңнан астам отбасыға баспана салып беретінін жазды.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
13 мамыр 2020 ж. 898 0