№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Судан зардап шеккен мақтааралдықтарға өтемақы қалай төленеді» - Өмірзақ Шөкеев жауап берді

«Судан зардап шеккен мақтааралдықтарға өтемақы қалай төленеді» - Өмірзақ Шөкеев жауап берді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында су басқан ауылдардың әрбір тұрғынына өтемақы төленуі тиіс деп есептейді. Бұл туралы Жаңақорған тынысы газеті хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


«Су елді мекендерден кеткеннен кейін үйлерді аралап, былтырғы Арыс тәжірибесі сияқты әр үйге келген зардапты, шығынды есептеп шығуымыз керек. Ары қарай комиссиямен бірігіп отырып, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастырымыз керек деп олаймын», - деді үкімет отырысында облыс әкімі.
Өмірзақ Шөкеевтің сөзінше, үйлердің ішіндегі мүліктерге келген зардаптарды есептеу қиын болады. Сондықтан, ол су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс болар деп есептейді.
«Мұнан бөлек 7 мыңнан астам егістік алқабына біраз шығын келді. Егілген егістік, пленка астында жатқан әртүрлі егістік алқабы бар. Соның бәрін қайта есептеп, оны да өтеуге көмектесуіміз қажет. Жалпы, эвакуацияланған азаматтардың бәрімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтырғы Арыстағыдай көп адамды жинап, үлкен жиын жасамаймыз», - деді өңір басшысы.
Оның сөзінше, жеке-жеке әр мектепке өкілдер барып, азаматтарға түсіндіріп жатыр екен.
05 мамыр 2020 ж. 623 0