№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » COVID-19: Қазатомөнеркәсіпоперациялық қызметіне қатысты жаңарту

COVID-19: Қазатомөнеркәсіпоперациялық қызметіне қатысты жаңарту

«Қазатомөнеркәсіп»ұлттық атом компаниясы»АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») COVID-19 өршуінің Компания қызметіне әсер етуіне қатысты жаңартылған ақпаратты хабарлайды.
«COVID-19 әсері бүкіл әлемде сезілуде, осы орайда Қазақстан вирустың таралуының алдын алу үшін күрделі шаралар қабылдаа отыр, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. -Азаматтардың қозғалысын шектеу мен қатаң санитарлық-гигиеналық директиваларды қоса алғандағыҚазақстан Үкіметі енгізген шаралар қазірдің өзінде Қазатомөнеркәсіп жұмыс істейтін барлық өңірлерді қамтып,барлық кәсіпорындарымыз бенобъектілеріміздеқатаң сақталуда. Біз осы жаһандық пандемиямен күресуге көмектесушілердің барлығына, әсіресе медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау қызметі мен билік органдарының өкілдеріне алғысымызды білдіреміз».
«Ағымдағыжағдайда Қазатомөнеркәсіп үшін ең маңыздысы-өз қызметкерлері мен олардың отбасыларының, сонымен қатар серіктестері мен жергілікті халықтың денсаулығы. Енгізілген шектеу шараларын сақтау және жергілікті жерлерде жұқтыру мен өршу қаупін төмендету мақсатында, біздіңбарлық еншілес және тәуелді кәсіпорындар қызметкерлерінің санын мүмкіндігінше ең төменгі деңгейге дейін азайтады. Барлық қосалқы қызметкерлер үйлеріне қайтарылады және олардың жалақысы сақталады, ал өндірісте тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер әлеуметтік қашықтық және гигиенаны қатаң сақтау жағдайында қызметін жалғастырады. Қазіргі уақытта біз Қазақстанның барлық уран кеніштерінде осы шешімнің толық әсерін және егжей-тегжейлі іске асырылуын бағалауға қатысты бірлескен кәсіпорындар бойынша өз серіктестерімізбен жұмыс жүргізудеміз және осындай қиын кезеңдерде олардың қолдауын жоғары бағалаймыз».
Айтылған шаралар үш ай мерзімгеенгізіледi деп күтілуде. Бұл жағдай өз нәтижесінде кен орындарын игеру қызметінiң төмендеуіне және одан әрі уран өндірісінің қысқаруына әкеледі. Осыған негіздей отырып, 2020 жылы Қазақстандағы уран өндірісінің көлемі 4 000 тоннаға дейiн қысқарады (бұрын 100% негізінде 22 750 - 22 800 тонна), алайда өндіріскенақты әсерiосы бағалаудан өзгеше болуы мүмкін.
Өндіріс деңгейінің төмендеуі Қазатомөнеркәсіптің 2020 жылға арналған сату көлемі бойынша міндеттемелеріне әсері болмайды деп күтілуде, бұл Компанияның атом өнеркәсібінің сенімді жеткізушісі ретіндегі мықты позициясын растайды. Компания өзінің барлық клиенттерінолардың алдындағы келісімшарттық міндеттемелерi толық көлемде орындалатыны жайлы хабардар етті.
Жаңартылған макроэкономикалық көрсеткіштерге талдау және АҚШ долларына теңге бағамын тұрақтандыру аяқталғаннан кейін,Компания 2020 жылғы 1-тоқсандағы Компанияқызметінің операциялық нәтижелерін шығару шеңберінде иелену үлесіне, түсімге, күрделі шығындарға, «Ақшалай өзіндік құны (С1)» және «Ақшалай өзіндік құны + күрделі шығындар (AISC)» көрсеткіштері бойынша 2020 жылға жаңартылған күтімдерді ағымдағы жылдың 4 мамырында ұсынуды жоспарлап отыр.
Қазатомөнеркәсіп 2020 жылы дивидендтерді кемінде 200 миллион АҚШ доллары деңгейінде төлеумен өзінің дивидендтік саясатына бейілділігін сақтайды. Компания сондай-ақ қаржылық тұрақтылық пен борыштық жүктеменің тұрақты көрсеткіштерін сақтайды.
Дәл қазіргі уақытта, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлем бойынша ауруханалар, көлік, телекоммуникация және тамақ өнімдерін сақтау, сондай-ақ үйлерді жылыту және жарықтандыру сияқты өмір сүрудің басты қажеттіліктерінқолдау үшін қажетті сенімді әрі таза электр қуатымен қамтамасыз етудегі атом энергиясы рөлінің маңызыдылығын айқын көрсетеді.
Нақтырақ ақпарат алу үшін хабарласа аласыздар:
Инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға байланысты мәселелер бойынша
Кори Кос (CoryKos), IRменPR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша мәселелер
Торғын Мукаева, IR мен PR департаменті директорының орынбасары
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com
Осыхабарландырудыңкөшірмесіwww.kazatomprom.kzсайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады, компанияның қатысу үлесіне пропорционалды, 2019 жылы уран өндірудегі әлемдік жиынтық өндірістің 24%-ын құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 24 кен орнын игереді. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибесі мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғылап шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.
Қосымшаақпаратбіздің интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz.


Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге«санаймыз», «күтеміз», «мақсат», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжай білеміз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын көрсеткіштерден,күтілетін нәтижелерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРМЕН РАСТАЛҒАН, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫ ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ, ДИРЕКТОРЛАРЫ, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелерге негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.
08 сәуір 2020 ж. 683 0