» » Марс үстіндегі бұлт су буы болып шықты

Марс үстіндегі бұлт су буы болып шықты

Еуропа Ғарыш агенттігінің ғарыштық аппараты Қызыл планетаның үстінде орналасқан шұңқыр сияқты біртүрлі бұлтты байқап, оны зерттеп келді, – деп жазды hi-tech.mail.ru сайты.
Ғалымдардың айтуы бойынша, бұлттың орналасуы 13 қыркүйектен бері өзгермеген – ол планетаның экваторына жақын (Марс экваторында температура 20 градусқа дейін жылы болады) Арсия тауының жоғарғы жағында орналасқан. Алайда, EҒА зерттеушілері атап өткендей, бұл жай ғана сәйкестік. Бұлттың пайда болу себебі жанартаудың оянуы емес, өйткені еуропалық ғалымдардың пікірі бойынша Арсия вулканы 50 миллион жыл бұрын сөнген және қайта оянуы мүмкін емес. Зерттеушілер "сонда бұл не?" деген сұрақтың айналасында біраз бас қатырды. Еуропа ғарыш агенттігі сайтының мәлімдеуінше, Mars Express зонды аталған бұлтты үш рет байқаған. Сонымен бірге, бұлт бір уақытта, бір мезгілде қайта-қайта пайда болған. "Бұл енді сәйкестік емес", – дейді ЕҒА ғалымдары. Мына сурет Mars Express ғарыш аппараты көмегімен түсірілген. Бұл суретте белгісіз бұлт анық көрініп тұр.  Алғашында ғалымдар бұлт Марс дауылынан Арсия тауының айналасында пайда болатын шаңның нәтижесі деп болжаған еді. Бірақ зерттеушілер Марстағы бұл бұлт емес, су буының көрінісі деген тоқтамға келіп отыр.


31 қазан 2018 ж. 1 027 0