№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АДАМЗАТ АЙҒА АУЫЗ САЛДЫ

АДАМЗАТ АЙҒА АУЫЗ САЛДЫ


Өткен жексенбі күні Айдың бетінде табаны тиген санаулы астронавтардың бірі – Алан Бин 86 жасында көз жұмды.  Оның Айға барып келгеніне келесі жылы қарашада жарты ғасыр болады екен. Содан бері елу жыл бойы адамзат Айға қала салып өрісін кеңейту үшін тынбай еңбек етуде.  Қазірге дейін өздерінің ұшу аппараттарын Жер серігіне жіберген үш-ақ мемлекет – АҚШ, КСРО (1976 жылы кеңестік «Луна-24» Айдың бетіне қонды) және Қытай Халық Республикасы. Бұлардан басқа да бірқатар дамыған елдер Айды игеру бағдарламасын жасап жатыр. Армандары – Айда зауыт-фабрикалар салып, мол өнім алу. Планетамызды айнала дөңгелеп жүрген Жердің ең жақын серігі – адамзаттың тірлік жасауына қажетті гелий-3 элементіне өте бай екен. Біздің планетамызда жоқ гелий-3 мұндағы мұнайды да, уранды да, басқа да энергия ресурстарын толықтай алмастыра алады. Оны тиімді де арзан энергия көзі ретінде пайдалануға болады. Ол үшін қуатты көп қажет ететін, атмосфераға зиянды ауыр өндіріс орындарын Айға көшіру керек. Бұл әлемдік экономиканы дағдарыстан шығаратын, үлкен серпіліс беретін бүкіл адамзаттың ғаламат жетістігі болмақ. Өйткені өндіріске қажетті арзан отынды жеті қабат жер астынан іздемейсің және Айдағы әлсіз гравитация (тартылыс күші) Жер бетіндегіден қарағанда жұмыс істеуге анағұрлым жеңіл, сондықтан өндіріс қарқыны өте жоғары болуы мүмкін.  Әлемдік ғалымдар Жер серігіне үлкен дәмемен қарап, ондаған жыл бойы Айды игеру үшін арпалысып жатқан жайы бар. 

Біз пайдаланатын Ресей «Энер­гия» РКК жасаған Айды игеру бағдарламасының алғаш­қы кезеңінде «Союз» кораблін, Союз-ФГ және Протон зымыран­тасы­ғыштармен Байқоңырдағы ғарыш айлағынан ұшыруды жос­парлаған. Халықаралық ға­рыш стансасындағы Ресей сегмен­ті орбитааралық ғарыш­тық кешен үшін Айға ұшар алдын­дағы жинақтау алаңы ретін­де пайдаланылады. Айды игеру­дің екінші кезеңінде (алда­ғы екі-үш жылда) планета бетінде тұрақты жүретін транспорт жүйесі жасалады. Оған Кли­пер базасындағы сұйық реак­тив­тік қозғалтқыштары бар, басқарылатын ғарыш кемелері және орбитааралық буксирлер кіреді. Ауыр жүктерді тасымалдау үшін электрлік реактивті бук­сирлер пайдаланылады. Үшін­ші кезеңде (2020-2025 жыл­дары) Айдың бетінде Ресейдің тұрақты базасы орналасады. Басқа елдер де Ресейден озып кетпесе, қалатын емес. Мәселен, Қытай елі қазіргі кезде жаһандық навигациялық жүйедегі өзінің көпмақсатты жаңа бағдарламасын жасады. Аспанасты елі алдағы онжылдық ішінде ғарыштық лаборатория жасап, алғашқы ғарышкерін Айға жібермек. Бейжің соңғы 20 жылда ғарыш игеру саласына 6 млрд доллар қаржы құйып, әлемдегі ғарыш саласын игеруші үшінші мемлекет болды. ҚХР ғарыш­тық басқарылатын ұшу­лар бағдарламасы жөніндегі компания басшысының орын­ба­сары Чжан Юйлиннің мәлім­де­уінше, 2036 жылға дейін Қытай ғарыш кемелерін Айға қон­ды­ра­тын болады.
Аспанасты елінің ғарышқа құлаш сермегеніне көп бола қойған жоқ, алғашқы ғарыш­кер­лерін 2003 жылы ғана көкке көтерді. Алайда соңғы жылдарда Қытай бұл салада қарымды қадамдар жасап үлгерді. Айды игеру бойынша адуынды жоба­лар жасап, оларды біртіндеп жүзе­ге асырып жатыр. «Чанъэ» (Chang’e) жобасы үш кезеңге бөлін­ген. Біріншісі — Айды айна­лып ұшу (Чанъэ-1), екіншісі – Ай­дың бетіне қону (Чанъэ-3, Чанъэ-4), үшіншісі –Айдан Жерге оралу (Чанъэ-5, Чанъэ-6). Басқарылатын кемені Айдың бетіне түсіру бағдарламасын 2010 жылдың қазанында бастаған. «Чанъэ-2» Ай аппаратын Қы­тай ұшырды. Алғашқы ғарыш­тық модуль Tiangong-1 (Аспан сарайы) ұшырылды. Айдың бетін­­дегі топырақ пен тастарды жи­най­тын пилотсыз ғарыш кеме­­сін дайындады. Ендігі жос­пар бойынша алғашқы «тай­ко­навт» 2020 жылы тартылыс күші Жердегіден 6 есе аз Айдың бетінде секіріп жүретін болады. Қазір ҚХР әлемдегі үшінші ғарыштық мемлекет болып саналады. Ғарышқа кеме ұшыру жағынан АҚШ-тан озып кетті, тек Ресейге жете алған жоқ. АҚШ, Ресей, Еуропа сияқты Қытайда да «Бэйдоу» спутниктік навигация жүйесі бар. Мұнда қазір үш космодром (Цзюцюань, Сичан, Тайнань) жұмыс істеп тұр. Қытай үкіметі Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығының үлгісімен ұшыру орталығын және тематикалық парк салу үшін Хайнань аралынан 3000 гектар жер бөліп берді. Зымыранның ұшу процесін осы платформадан тамашалауға болады. Аспанасты елі 2024-2025 жылдары Айға басқарылатын ғарыш кемелерін жіберуді жоспарлап отыр. Жер серігінің бетіндегі Ай базасының құры­лысын 2050 жылдары бас­тамақшы. Оны салуға пайдалану үшін қытайлықтар «Ұлы шеру-7» ғаламат ауыр зымыран-тасығыш жасап жатыр. Қытай елі 2013 жыл­дың аяғында Сычуань про­ви­нциясындағы Сичан кос­модро­мынан бортында «Юйту» айар­басы бар «Чанъэ-3» ғарыш стансасын аттандырды.
Қытайдың Айды игеруге бағыт­­талған бағдарламасы Ресей­­­ді де, АҚШ-ты қызық­ты­рып отыр. Қытай мен Ресей 2018-2022 жылдар аралығында жұмыс істейтін алғашқы келі­сім­дерін жасады. Өткен жылы Ресей президенті зымыран қозғалтқыштарының Қытайға жеткізілуі мүмкін екенін айтқан. Қазір Айды игеруде жетекші орынға таласып отырғандар көп. АҚШ, Ресей, Еуропа, Жапония, Индия барлығы жанталасып жатыр. Израиль де қалысар емес, бұл салаға қаржыны аямай беруде. «Израиль туы Айдың бетінде желбіреп тұратын уақыт болды» деп мәлімдеді Шимон Перес, Израиль айарбасын Жер серігінде аттандыру бағдарламасын ашу салтанатында. Қарап отырсақ, жетекші елдердің барлығы алыс­тағы Айдан, Марстан тағы басқа планеталардан пайда көреміз бе деген үмітте.
Күн жүйесіндегі Жерге ең ұқсасы – Марс планетасы. Қы­зыл пла­нетаға зерттеу құрал­дары алғаш 1976 жылы қон­ған болатын. NASA ғарыш агенттігінің мамандары Марстан Curiosity құралы алып келген топыраққа геохимиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде, бұрын бұл планета микроорганизмдерге өте қолайлы болғанын дәлелдеді. Гейл кратерінің түбіне қонған Curiosity марсоходы хлор мен метанның қосындысын тапты. Микроорганизмдерді іздеместен бұрын планетадан су табу керек болды. Автоматтандырылған стан­­салар ондаған жылдар бойы Марс бетін тіміскілеп жүріп, бая­ғы замандағы судың ізін, мәң­гілік мұздықтарды тап­ты. «Феникс» зонды лабо­ра­то­риясына алып келіп, әлгі мұздың дәмін татып көрді. Осыдан кейін ғалымдар бұдан 3 млрд жыл бұрын Марстың бетінде тығыз атмосфера, сұйық су болған деген тұжырым жаса­­ды. Геохимия жөніндегі әлем­дік конференция кезінде ғалымдар күтпеген жаңалықты естіді. Жердегі тіршілік осы Марстан басталады екен. «Шын мәнінде, біз марстықтармыз, тіршілік Марстан басталып, метеоритпен Жерге келген» деп мәлімдеді Вестгеймер атындағы ғылым және технология инсти­ту­ты­ның ғалымы Стивен Беннер. Содан бастап Марсты зерттеу бағдарламасы тың күш ала бастады.
Ғалымдар бұл аспан дене­сі­нен тіршілік белгісін табу үмі­тін әлі үзген жоқ. Адамзат таяу жылдары Қызыл планетаға қонып, онда кішігірім модуль­дік қалашық салмақшы. Марс­ты колониялау жобасын гол­­ландиялық бизнесмен Бас Ланс­­­дорп қаржыландырып отыр. Америкалық NASA ғарыш агент­тігі алдағы уақытта Марс ғаламшарына ұшатын алғаш­қы сегіз астронавтың атын жария­лап та қойды. Америка ғарыш агенттігі бір жарым жыл бойы іріктеп, 2020 жылы Марсқа аттанатын 34 пен 39 жас аралығындағы төрт еркек және төрт әйелді таңдап алды. Алты мың кандидаттың ішінен електен өткен әскери ұшқыштар Джош Кассада, Виктор Глоувер мен Тайлер Хейг, медицина док­торы Эндрю Морган, мұхит­­тарды, атмосфераны зерттеуші Кристина Хэммок, АҚШ теңіз жаяу әскерлерінің майоры Николь Онапу Манн, құрлық әскерлерінің майоры Энн МакКлейн және ғылым док­торы Джессика Мейр Марс­ты жерсіндіруге дайын­да­лып жатыр. Бұлардың барлығы – арнайы тест кезінде интеллектуалдық, денсаулық және психологиялық жағы­нан ең жақсы дайын­дық­тарын көрсеткен өмірлік тәжірибелері бар, өз салаларының мықты мамандары. Олардан кейін кезең-кезеңімен тағы 24 адам солай ұшпақшы.
Жоспар бойынша, 2022 жылы Марс ғаламшарының бетінде өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйе қуат көздері бар тұрғынжай блоктары дайын болады. Содан кейін, сол ғаламшарда мәңгілік қалатын алғашқы төрт ерікті адам кері қайтпайтын сапарға кетеді. Сөйтіп, адамзаттың өзге планетаға барып қоныстанатын кезі де алыс емес, енді 4-5 жыл­дан кейін Жер тұрғындары теле­дидардан Марстағы жаңа­лық­тарды көретін болады. Бұған дейін америкалық астронавтар Сатурнның серігі Титанның бетіне зонд түсірген болатын. НАСА бағдарламаларын бюд­жет­тен қаржыландыру қыс­қар­тылып қалмаса, Титанды да, Марсты да зерттеу жалғаса береді. Өмір сүруге жарамсыз болса да, олардан адамзатқа қажет­ті пайдалы қазбалар табылып қалуы мүмкін ғой.
20 маусым 2018 ж. 1 018 2

Гость Jeahulalf от 25 ақпан 2019 00:42
Buy Generic Prednisone Online Propecia Patente cialis no prescription Provera Cash Delivery

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 23:35
Single Dosing Of Amoxicillin For Gonorrhea Cialis Original Madrid Keflex Toxicity discount levitra canada Prix Du Viagra Pfizer En Neuilly