№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Естімеген елде көп: Әкесін су жаңа көлікке жерледі

Естімеген елде көп: Әкесін су жаңа көлікке жерледі


Нигерияда Азубуике есімді ер адам қайтыс болған әкесін табыттың орнына, су жаңа көлікте жерледі.Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бақуатты ер адам әкесін жерлеу мақсатында жергілікті көлік салонынан 66 мың фунт стерлингке (шамамен 30 миллион теңге) BMW маркалы жаңа көлік сатып алуды ұйғарған. Азубуике әкесінің көзі тірісінде оған жылдам жүретін көлік алып беруге уәде берген. Алайда уәдесін орындап үлгермепті. Сондықтан ол әкесін осындай құрметпен жерлегісі келген.
Өз кезегінде жерлеу рәсімі кезінде түсірілген суреттер желіде тарап кетіп, жұрттың қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының дені адамды табыттың орнына қымбат көлікте жерлегенін алғаш көргенін айтты. Сондай-ақ, пікір қалдырушылардың көбі жерлеу рәсімі үшін қыруар ақша жұмсаған ер адамға ашуланды. Олардың пікірінше, бұл ақшаны көптеген игі іске жұмсауға болар еді.
«Егер табысыңыз жақсы болса, ата-анаңызға көзі тірісінде көлік алып беріңіз. Және олардың кәдімгі табытта жерлеңіз. Бұл тек бос мақтанға салынушылық», – дейді нигериялық пікір қалдырушы.
Сондай-ақ, ер адамды аталған әрекеті үшін өзімшіл деп атағандар да болды.

13 маусым 2018 ж. 2 846 0