№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ КӨЛІК ЖУУ ОРНЫ

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ КӨЛІК ЖУУ ОРНЫ


Әлемдегі ең қымбат көлік жуу орны БАӘ-де орналасқан, – деп жазды uznayvse.ru сайты.
Көлік жуу жұмысы әр жүргізушінің айына кемінде бір рет болса да жасайтын ісі. Ол үшін әдетте тек су, сабын және шүберек болса, жетіп жатады.
Бұл қарапайым халық үшін. Ал араб байлары үшін "темір тұлпарларын" Monza Ultimate Detailing and Protection жуу орнына апару айына бір рет істелетін "міндетті" жұмыс.    
Бұл атақты көлік жуу орнында Lamorghini, Ferrari және Aston Martin сияқты автокөліктерге бір реттік қызмет көрсету құны 15 000 доллардан басталады. Әдеттегі су мен сабын орнына бұл жерде контактісіз нанотехнология, құрамы құпия су, қысым және температура қолданылады.   Monza Ultimate Detailing and Protection – қызмет көрсетуді ең жоғары сапада жасайды. Қызметкерлер өз жұмыстарында шаң-тозаңдарды тексеру үшін микроскоппен ғана жұмыс жасайды. Яғни сіздің көлігіңіз Monza Ultimate Detailing and Protection жуу орнына келер болса, онда ол зауыттан жаңа шыққандай күйге енеді деген сөз.    15 000 долларға машинаңыз толық тазалаудан өтеді  Дубай көлік жуу орнында тек контактісіз нанотехнология қолданылады. Басты назар салон тазалығына аударылады   Барлық қызметкерлер жоғары дәрежелі мамандар. Олар арнайы алты айлық курстан өтіп, іріктеліп алынған.
 

28 сәуір 2018 ж. 1 607 0