Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Найзағай ең көп түсетін аймақтар

Найзағай ең көп түсетін аймақтар


Vaisala атты финн компаниясы қоршаған ортаны бақылайтын технологиямен айналысады. 2013 жыл мен 2017 жыл арасында компания құрылғылары бүкіл Жер шарына түскен найзағай жарқылдарын тіркеп отырған. Жердің Антарктидадан өзге барлық құрлығында найзағай жиі түсетін мекендер бар. Бұл мекендер жыл сайын өзгеріп отырады, бірақ найзағай түсетін аудан көп өзгермейді.

Бұл аудандарда көбіне ауа массалары соқтығысып, ауыр бұлт шоғырлары жиналады. Бұл  найзағай тудыратын басты фактор. Мұндай аймақтарға тау шыңдарын жатқызуға болады. Найзағай картасы/Axios Найзағайды анықтайтын GLD360 бүкіләлемдік желісін пайдаланып, зерттеушілер ең қауіпті аймақтарды анықтады. Солтүстік Америкадағы ең көп найзағай түсетін жер – «Торнадо аллеясы». Ол Техас, Оклахома, Канзас, Небраска, Оңтүстік  Дакота және Колорадо штаттарын алып жатыр. Оңтүстік Америкада Парагвай, Уругвай, Колумбия елдерінің мекендері жиі тіркелген. Африкадағы найзағайлы аймақ Конго Демократиялық Республикасы болса, Азияда Суматра мен Малайзия елдері  екен. Аустралияда солтүстік жағалауларға найзағайдың жиі түсетіндігі байқалған.


Massaget.kz
28 мамыр 2018 ж. 1 737 0