№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Матч кезінде футбол ойнап жүрген спортшыны найзағай соғып өлтірді

Матч кезінде футбол ойнап жүрген спортшыны найзағай соғып өлтірді


«Марицбург Юнайтед» Оңтүстік Африка клубының 21 жастағы футболшысы Луанда Нцхангасе матч кезінде ұрған найзағайдың соққысынан екі айдан кейін қайтыс болды.

Ағымдағы жылдың 1 наурызында матч кезінде үш ойыншыны найзағай соқты. Екі ойыншы жеңіл жарақат алды, ал кеудесі күйіп кеткен Луанда жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Осы уақытқа дейін ол дәрі-дәрмектің күшімен комада жатты.
Екі ай ес-түссіз жатқан футболшы ауруханада көз жұмды. Клуб басшылығы қайтыс болған жігіттің отбасымен алдағы аза тұту рәсімінің егжей-тегжейін талқылау үшін кездеспекші.
«Марицбург Юнайтед» құрамасы үш жылдың ішінде үш ойыншысынан айырылды. 2016 және 2017 жылдары автокөлік апатынан 27 жастағы Мондли Келе және 20 жасар Млонди Диамини көз жұмды.
Аталған футбол клубы қазіргі уақытта ұлттық Премьер-Лигада төртінші орында тұр.
Айта кетейік, 12 наурызда Руандада найзағайдан кем дегенде 15 адам қайтыс болды.
05 мамыр 2018 ж. 1 143 0