№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарты минутта инсульт деңгейін анықтайтын құрылғы

Жарты минутта инсульт деңгейін анықтайтын құрылғы


Америка ғалымдары инсульт деңгейіне диагностика жасайтын инновациялық медицина құралын жасап шығарды, – деп жазды massaget.kz. 

VIPS деп аталатын құрылғы ми сұйықтықтары арқылы өтетін энергетикалық радиотолқындарды қолданып, бітелген тамырларды анықтап береді. Дені сау адам миындағы сұйықтықтар симметриялы бағытта қозғалады. Ал қантамырлар бітелген болса, сұйықтық ағынында ассимметриялы өзгерістер пайда болады. VIPS құрылғысы сондай өзгерістерді жылдам әрі 92% дәлдікпен анықтап береді.  Инсульт кезінде ең маңыздысы – мидағы ақау мен оның деңгейін тез анықтап, медициналық көмек көрсету. Инсульт сипатының ертерек анықталып, операцияның дер кезінде орындалуы науқастың денсаулығына тікелей әсер етеді. Медициналық тәжірибе бойынша, инсульт диагностикасы 60% жағдайда ғана дәл әрі тез жасалады екен.  Америкалық инженерлер VIPS құрылғысы арқылы бұл мәселе шешімін табуы тиіс деп пайымдайды. Бітелген тамырларға диагностика жасау үшін құрылғыға жарты минут жеткілікті.
VIPS әдісін тексеруге 248 ерікті адам ат салысқан. Олардың ішінде 79 дені сау адам, инсульттің ішінара белгілері бар 128 адам, 41-ден аса ауыр инсульт алған адам бар. Нәтижесінде VIPS құрылғысы инсультті 92% дәлдікпен анықтаған.

16 сәуір 2018 ж. 1 270 0