» » «АҚЫЛДЫ» ӘМИЯН

«АҚЫЛДЫ» ӘМИЯН


Армяндық құрастырушылардың Volterman әмияны үлкен сұранысқа ие.

Volterman – қарапайым ғана жоба негізінде жасалған, қолданушының қауіпсіздігі мен оның жоғалып кетуінен сақтайтын әмиян.  Бұл әмиянның барлық әмияндардан ерекшелігі  ол – «ақылды». Ара қашықтығы 20 метр жерден сізге хабарлама жіберіп немесе телефоныңызға «әмияныңыздың қалып кеткені» туралы ақпарат жеткізетін GPS құрылғысы бар.
Бір сөзбен айтқанда, бұл әмиянның жоғалуы мүмкін емес.  Volterman ақылды әмиянының 7 ерекшелігі бар. Олар: ұялы телефонға арналған 2 600 мАч қуат көзі, сымсыз қуаттау, GPS орнатылған, вluetooth ескерту құрылғысы, камера орнатылған, желі нүктесі бар, RFID - қорғаушы. 
2600 мАч қуат көзі Iphone 7 смартфонын толық қуаттауға жетеді. Қалған ерекшеліктері WiFi-роутер арқылы кез келген жерде жүзеге асады.  Әмиян қалтаңыздан түсіп қалса немесе біреу ұрлап алса 20 метрден кейін автоматты түрде телефоннан алыстаған құрылғы іске қосылып, сізге хабар береді. Ең бастысы арасы 20 метр болатын жерде тұрасыз жердің қай бұрышында болса да әмиянды тауып ала аласыз.  Егер әмияныңыз жоғалған жағдайда оның ішкі камерасы іске қосылады және ұрлаған адамды немесе тұрғылықты жерді суретке түсіріп алады.
Дереккөз: Massaget.kz сайты
31 қаңтар 2018 ж. 1 127 1

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 00:08
Buying Direct Acticin Ups In Internet Shop Valtrex Discount Program Cialis Suisse cialis Buying Cheap Cialis Online