№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ресей аумағында Telegram мессенджерін бұғаттау туралы шешім шықты

Ресей аумағында Telegram мессенджерін бұғаттау туралы шешім шықты


Мәскеудің Таганск аудандық соты 13 сәуір күні Ресей аумағында Telegram мессенджерін бұғаттау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша, Telegram қызметі компания «Федералдық қауіпсіздік қызметінің ақпаратты шифрлау кілтін беру талабын орындағанға дейін» шектелмек.
Сот шешімі дереу орындалуы тиіс. Компания сот шешіміне бір ай ішінде шағымдана алады. Мессенджерді бұғаттау туралы шағымды сотқа Роскомнадзор мекемесі түсірген.
Роскомнадзор Telegram-да «террорлық ұйымдар қолданатын мәліметтер болуы мүмкін» деп, мессенджер қызметін дереу шектеуді талап еткен.
Сотқа Telegram өкілдері қатысқан жоқ. Шағым бірнеше минут қана қаралды. Кеше мессенджердің негізін салушы Павел Дуров адвокаттарына сотқа қатысуға тыйым салған, бірақ адвокаттар сот отырысын кейінге қалдыруды сұраған. Бүгін сот ол талап-арызды қабылдамай тастады.
Мұның алдында аталған мекеме Telegram мессенджерін ФСБ-нің сұрауымен бұғаттау туралы сотқа шағымданған. Бұған қоса мекеме мессенджер қолданушылары қалдырған жазбалардың құпия кілтін ФСБ-ге тапсыруды талап еткен. Өткен аптада мессенджер басшылығына берілген уақыт аяқталды.
13 сәуір 2018 ж. 1 533 0