№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » TOYOTA ҰШАТЫН КӨЛІГІ

TOYOTA ҰШАТЫН КӨЛІГІ


TOYOTA
ҰШАТЫН КӨЛІГІ 3 ЖЫЛДАН КЕЙІН КӨККЕ КӨТЕРІЛЕДІ, ДЕП ХАБАРЛАДЫ AUTO.VESTI.RU САЙТЫ.
Жапондық Toyota компаниясы өзінің ұшатын көлігінің коммерциялық нұсқасының 2020 жылы көрсетеді. Ол Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына дейін жаппай нарыққа шығарылатын болады. Құрастырушылардың пікірінше, көлік Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Toyota автоконцернінің акционерлері осындай жобаны жүзеге асыру мақсатымен Cartivator стартапына 42,5 миллион жапон иені ($375 000) көлемінде инвестиция салып отыр. Ұшатын авто жердегі қозғалысқа арнайы үш дөңгелекпен қамтамасыз етілген. Cartivator құрастырып жатқан SkyDrive көлігінде тек бір адамға орын бар. SkyDrive концепті әлемдегі ең кіші ұшатын көлік болмақ. Аэромобиль құрылымын дамытуға тек көлік өндірісіндегі мамандар ғана емес, аэроғарыш саласындағы инженерлер де жұмылдырылған. Сонымен қатар, Toyota автоконцерні осы жылдың соңына дейін SkyDrive көлігінің толық бета нұсқасын таныстыруды жоспарап отыр. Ресми емес деректерге сүйенсек, ұшатын көлік 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында отты жеткізуші қызметін атқарады.
09 сәуір 2018 ж. 2 005 0