№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ФЛЕШКА

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ФЛЕШКА


XAGE.RU АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ USB ФЛЕШКА ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ ЖАЗДЫ.

Бүгінде технология қарыштап даму үстінде. Бір қызығы, даму үстіндегі техникалардың сапасымен қоса бағалары да қымбаттай түскен. Мәселен, ХХІ ғасырға дейінгі уақытта 5 мб жадты қамтитын құжаттарды тасымалдау үшін бір жүк көлігі қажет болған. Ал қазір қанша болса, сонша көлемдегі жадты қалтаңызға салып жүре аласыз. Ол – USB флешка. 
Дүкеннен қарапайым 32 гб флешканы орташа есеппен он мың теңгеге алуға болады. Ал, Швейцариялық La Maison компаниясының зергерлері қалтаға сиса да,әркімнің  қалтасыкөтермейтін бағадағы флешка шығарды. Идея авторы Мохамед Шавиш. Ол саңырауқұлақ тәрізді флешкасын 37 мың долларға бағалап отыр. Оның жад сыйымдылығы 32 гб. Соған ұқсастарының бағасы 17-25 мың доллар арасында. Ал бұл әлемдегі ең қымбат флешка. Оның қымбат болуына басты себеп, сыртқы пішінін құлпыртып тұрған асыл тастар: рубин, изумруд, гауһар тас және сапфир.

07 сәуір 2018 ж. 1 880 0