Шетелдік «Motor1» басылымы 2017 жылдың әлемдегі ең қымбат 20 көлігін ұсынды. Бұл топтамада жаһандағы жетекші және аз белгілі автолік маркалары да бар. Біз соның ең үздік бес көлік түрін ұсынып отырмыз.
Сонымен, 5-орынды құны 2 600 000 доллар тұратын италиялық Pagani Huayra BC көлігі иеленді. Оның бар жоғы 20 данасы ғана сатылымға шыққан. Ал, 4-орынды Icona Vulcano Titanium тұлпары илеленіп отыр. Құны – 2 800 000 доллар. Сондай-ақ, үздің үштіктің қатарынан бағасы 3 миллион доллар тұратын Астон Мартин компаниясының сағатына 321 км жүре алатын Valkyrie көлігі табылса, 2-орынды дубайлық W Motors фирмасының Lykan Hypersport тұлпары иеленді. Алғаш рет 2012 жылы сатылымға шыққан бұл көлік бүгінде үлкен сұранысқа ие. Құны – 3 400 000 доллар. Ал, жаһандағы ең үздік деп танылып, ең жоғарғы бағаны иемденіп отырған автокөлік – 4 500 000 долларды құрайтын Lamborghini Veneno Roadster. Сағатына 355 км-де жүйіткейтін көліктің әлем бойынша 9 ғана данасы құрастырылып, сатылымға шыққан.
Пікір 2