№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » TikTok не үшін мәлімет жинайды?

TikTok не үшін мәлімет жинайды?

TikTok әлеуметтік желісі аккаунт иелерін аңдуы мүмкін бе? Bangorlol никті Reddit атты пайдаланушы қытайлық осы программаны бірқатар мәлімет жинаумен айналысады деп отыр, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазір бұл ақпарат ғаламторда өте белсенді талқыланып жатыр. Кейбір пайдаланушылар TikTok әлеуметтік желісіне реверс-инжиниринг жасап, жеке мәліметтердің қолды болуы туралы айтып отыр. Мәліметтерді жинау немесе ұрлау осы әлеуметтік желі форматына әдемі жасырылған деген ойлар атылуда. Аппараттық мәліметтерден бөлек пайдаланушының басқай қандай қолданбалар орнатқаны және сонымен қатар интернетке байланысты Wi-Fi, жеке IP және смартфонның mac-адрестері, одан қалды 30 секунд сайын GPS пен джейлбрейк туралы да ақпараттар жиналуы мүмкін деген пікірлер айтылған.
Жалпы алғанда, «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген пайымды ұмытпасақ, кез келген программа мен қолданба жасап шығарушылар өз өнімін қандай мақсатқа пайдаланатын өздері біледі. Сол себепті де әрдайым сақтықпен жүргеніміз де жөн болады.
03 шілде 2020 ж. 858 0