11 млн қазақстандықтың жеке мәліметі жария болды: Одан қандай қауіп бар
11 млн қазақстандықтың жеке мәліметінің жария болды. Оған лауазымды тұлғалар кінәлі. Бұл туралы Сандық даму, инновация және аэроғарыш саласы министрлігі мәлімдеді.
Әңгіме ЖСН, паспорт нөмірі мен азаматтардың мекен-жайы туралы мәліметте болып отыр. Кез келген адамның бұл мәліметтерді көшіріп алуға мүмкіндігі болған. Мәліметтер көпшілікке қолжетімді еді. Мұндайда қандай қауіп келіп тұр? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматтардың қолжетімді мәліметіне жайлы анализ және кибератака орталығы байқады. Олар мұндай қателістің жеке компания емес, мемлектетік органның бірінің қателігі деп есептейді.
"Бұл жеке компания иелігінде емес, бұл құрған мелекеттік жүйенің бірі. Қызметкердің бірі қазақстандықтардың мәліметіне мүмкіндік алып, оны көшіруге және жариялауға құқығым бар деп ойлауы мүмкін", - деді Анализ және кибератака орталығының заңгерлер бірлестігінің директоры Арман Абдрасилов.
Мәлімет жария болған соң сервер жұмыс істемей қалды.
Ал, мәжіліс парламенті төрағасының орынбасары Владимир Божко үлкен қауіп жоқ екенін айтты.
"Мен кейбір кедергілерді айтпағанда үлкен қауіп бар деп ойламаймын. Тек азаматтардың қаржылық қызығушылығы, шетелге шығуына кедергі болуы мүмкін. Егер еліміздің армиясы мен қарулы күштері туралы мәлімет болса, онда ол жақсы емес", - дейді ол.
IT мамандар ғаламтордағы кез келген жүйені бұзуға болатынын айтады. Айтуларынша, азаматтардың жеке мәліметі интернет-дүкендерде сауда жасау үшін тиімді.
Сандық даму, инновация және аэроғарыш саласы министрлігі қазақстандықтардың мәліметі қай мемлекеттік органға тиесілі екенін анықтауда. Министрлік мән-жай анықталған соң хабарлайтынын мәлімдеді.
Егер жауапты орган болса, заң бойынша жауап береді. Егер кінәсіздігі дәлелденсе, ол орган жәбірленуші ретінде құқық қорғау органына шағым жаза алады.
Әзірге ешбір қазақстандықтан жеке мәліметіне қатысты шағым түспеген.