№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ғаламтор және дін

Бүгінде ғаламтор желісі дінді зерделеудің негізгі құралы болып табылады. Дегенмен, Ислам дінін бұрмалайтын және теріс бағытқа бағдарлайтын бірден-бір жол болып отыр. Көңіл қойып, талдасақ Исламды насихаттаушы сайттардың мұсылман жолын ұстанған тұлғалар үшін жағымсыз жағынан ықпал жасап отырғандығына көз жеткіземіз. Бүгінде жалпы бүкіләлемдік желі көпшілікке әсер ете алатын алып желіге айналып отыр. 
Жалпы әлемдік желіні пайдаланушылар арасында, Ислам дінінің қарсыластарының құрған тұзақтарына ілініп, теріс бағытқа бет бұрған азаматтарымыз жыл санап көбейіп келеді. Көпшіліктің Ислам дінін қоғамға, жалпы бүкіл әлемге төнген қауіп-қатер ретінде қабылдайтыны өте өкінішті. 
Елбасымыздың Жолдауында көзделген бес негізгі басымдықтардың ішіндегі ел қауіпсіздігін күшейтуге арналған үшінші басымдығына жеке тоқталып кетсем. Аталған басымдықта, бүгінгі күннің әлем сахнасында белең алған «терроризм мен экстремизм» деген ғасыр іңдетімен белсенді күрес жүргізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы өз Жолдауында, «Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады», деп атап өткен болатын. Сонымен қатар, Жолдауда ғаламтор мен әлеуметтік желіні экстремистік әрекеттерге тарту мен дәстүрлі дінге жат идеологияны насихаттау құралы ретінде пайдаланатын лаңкестердің жолын алдын ала кесіп, нақты тойтарыс беру жұмыстары айқындалған. 
Әрине, бүгінгі таңдағы өмірді ғаламторсыз көзге елестету мүмкін емес. Өйткені, оның адамзатқа пайдасы өте көп. Атап айтар болсақ, ол – алысты жақындатушы, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызушы, білімнің көзі, қажетті мәліметтеріңді тез арада тауып беруші, т.б. 
Діни басқарма және облыстардағы орталық мешіттердің жанынан ашылған заманға сай сайттар да адамдарға пайдалы діни ілім таратуда. Діни басқарма тарапынан шыққан және мақұлданған діни кітаптардың электронды нұсқаларын оқып қана қоймай, көшіріп алуға да болады. Ғаламтор арқылы тәрбиелік маңызы бар діни бейне уағыздар және ислами кино көруге болады. Мұның бәрі ғаламтордың пайдасы екені сөзсіз. 
Сонымен қатар мұсылман жолын ұстанған жастарымыз ғаламтор арқылы адам санасына, іс-әрекетіне зиян тудыратын материалдардан «білімдерін сусындауда». Біз шынайы таза діннің бар екендігін, ал күнәсіз адамның жоқ екенін білеміз. Жастар уақытының көбін Ғаламторда өткізеді, ал бұл кеңістікті дінді жеке мақсаттарына пайдаланатын Ислам атынан фанатизм мен жат радикалдық идеяларға насихаттайтын түрлі сайттар басып алған.
Ғаламторда көрген, оқыған және естіген нәрсенің барлығын саналы түрде сараптаған жөн. Біз өз дініміздің бұрмалануына және теріс ағымдармен былғануына жол бермеуіміз керек.
21 қазан 2019 ж. 1 500 0