ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР АЗАЙДЫ
Қазақстанда 2018 жылдың І тоқсанында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 млннан асты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
2001 жылы бұл көрсеткіш 2,8 млн адам болған.
Биылғы жылдың басында бұл көрсеткіш төмендеп, 2 млн адамның 89,4% өнімді жұмыспен, 10,6% өнімсіз жұмыспен қамтылған. Әйелдердің үлесі 44,8% (914,5 мың адам) болды. Қалалық жерде 768,8 мың адам (37,6%) өзін жұмыспен қамтып отыр.
Өзін-өзі өнімді жұмыспен қамтығандардың көп бөлігін өз алдына жеке жұмыспен қамтылғандар (70,4%) құрады. Қосалқы шаруашылықпен айналысқандар 22,1%, ал жұмыс берушілер 7,3% болды.
Сонымен қатар, жекеменшік негізде өнімсіз жұмыспен қамтылған тұрғындардың үлесі 53,2%-ке жетсе, қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар 31,9%-ті құрады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбі 25-54 жаста (71,6%). Жоғары білімі бар жалпы тұрғындардың 92,8% өнімді жұмыспен қамтылғандар болып шықты.
Пікір 2