Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» Мұрат Бектанов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары атанды

Мұрат Бектанов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары атанды


Мұрат Бектанов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары атанды

Мұрат Бектанов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды  Stan.kz.сілтеме жасап"Жаңақорған тынысы"

«Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды», - делінеді хабарламада. 
Мұрат Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері бас штабының бастығы қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Бақыт Құрманбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Оразаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, Алмаз Нұразхан Ұлттық музей директоры қызметіне тағайындалды.
Талғат Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен, Қуатжан  Уәлиев Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
---
05 сәуір 2019 ж. 1 773 0