№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ЖАЙЫЛМАДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП...

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ЖАЙЫЛМАДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП...

Алдымен, ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелерден бастайық. Жайылмалықтар жаңа клуб үйінің қажеттілігін және асфальт салу мәселесін көтерді. Яғни, бас көшеден басқа көшелерде асфальт жоқ.
Жалпы, өткен жыл ауыл халқының есінде несімен қалды? Сонымен...

Қарбызы брендке айналған Жайылма жұрты былтырғы жылды табысты аяқтады. Негізгі күнкөрісі егін шаруасымен байланысты ауыл халқы былтыр тауар экспорттауда үлгі көрсетті. Мәселен, Ресей еліне 5 мың тоннаға жуық қарбызды экспортқа шығарды. Жалпы Жайылмада 527 гектар егіс егіліп, бақша дақылдарынан 16 мың тонна өнім алынған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда өсімнің айтарлықтай бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, 2018 жылы ауылда ардагерлер аллеясы салынды. Абаттандыру, көгалдандыру жұмысы жүйелі жүзеге асыпты.
Айта кететіні, ауыл барлық салық түсімдерін толық орындай алмапты. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының нақты мәліметі осыны көрсетті. Дегенмен, бюджеттен бөлінген қаржы толық игерілген. Әсіресе, ауылшаруашылық бағытында атқарылған жұмыс нәтижелі.
Енді биыл атқарылар жұмыстарға кезек берсек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында биыл екі ғимарат бой көтермек. 150 орындық клуб үйі мен 50 орындық балабақша. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп атады. Осы бағытта ауыл азаматтары маусымдық кезеңде түскен пайдадан ауыл жастарының спорттық, мәдени өсуіне, білім саласының өркендеуі жолында біршама жобалар бар екенін ауыл әкімі Талғат Зейдалиевтің есебінен білдік. Еңбекке еті үйренген ағайынның айтары көп емес. Жалпы, ауылдастары әкім ісіне оң бағасын берді.
---
23 қаңтар 2019 ж. 718 0