№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» НАРЫҚ БАҒАМЫ ҚАЛАЙ?

НАРЫҚ БАҒАМЫ ҚАЛАЙ?

Нарық бағамы жылдың төрт мезгілінде құбылып тұр. Тауардың түріне сұраныс артқан сайын баға да еселене береді. Мұны сауда заңдылығы деуге болады. Мәселен, жазда азық-түлік арзан болса, құрылыс заттары қымбаттайды. Керісінше қыста көкөністің бағасы үш есе қымбаттауы мүмкін, бірақ басқа тауарлар төмендейді. Бұны сарапшылар әр түрлі саралайды. Биыл қыс басталмай жатып азық-түлік, оның ішінде бақша дақылдарының бағасы күрт қымбаттап, қалтаға әжептеуір салмақ салып тұр. Мәселен, қияр мен қызанақтың бағасы осыдан екі ай бұрын 200-250 болса, қазір құны еселеп өсті. Біз бүгін нарық бағасы төңірегінде талдау жасап көруді ұйғардық.

Алдымен сарапшылардың пікіріне тоқталайық. Бағаның өзгеруі бірінші кезекте импортқа байланысты, яғни, өзге елден тасымалданатын тауарлар түрлі бағамен келеді. Оған басты себеп доллардың бірде өсіп, бірде төмендеп кетуі, әрі өнімге қажетті шикізаттың тапшылығы да бар. Екіншіден, алыпсатарлардың ашкөздігі дейді. Қарапайым мысал, жақында хит болған қытай жүзімі бастапқыда 10 мың теңгенің үстінде сатылымда болса, қазір құның жарты бағасына да жетпейді. Негізі, шет елден келетін құны үш есе арзан екен. Міне, мәселе қайда жатыр? Үшіншіден, сапаға байланысты, отандық өнімнің бағасы өзге елдердегі тауарлардан әлдеқайда қымбат, тек сапасы жөнінен бірдей келе бермейді.
АЗЫҚ-ТҮЛІККЕ БАҚЫЛАУ БАР МА?
Алдымен күнделікті тұтынатын тауар түрлеріне тоқталайық. Қазір азықтүлік, онық ішінде жеміс-жидектің бағасы құбылып тұр. Тек алма жемісінің құны тұрақты. Қалған тауарларды олай дей алмаймыз. Өткен аптада аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, қала және аудандарда базарға тексеріс жүргізіліп, баға тұрақтылығы қатаң қадағаланды. Аудан әкімі Мажит Самитұлы бастаған жауапты сала басшылығы да бағаға бақылау жасап, тұтынушы құқығы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл түсінікті, енді азық-түлік бағаларына келейік. Бірінші кезекте ет бағасына тоқталайық. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінен алған мәліметте сиыр етінің бағасы 2000 теңгеден деп көрсетілген. Бұл баға негізінен жілікке сойылатын еттің құны секілді. Өйткені, базар жағалағандар еттің бағасы 2300-2400 екенін нақты біледі. Шынын айту керек, 1 келі ет бір асып жегеніңе жетпейді. Қазақ етсіз отыра алмайтыны белгілі ғой, сондықтан ет бағасы шарықтап барады. Бұл мәселеге саудагерлердің де айтар уәжі бар. – Біз көбіне етті сатып аламыз немесе бір малды бүтіндей бөлшектеп саудалаймыз. Ал, мал бордақылау ісінде бейнет көп. Күтіп-баптау бір бейнет, оның үстіне жем-шөбі, дәрі-дәрмегі қалтаға әжептеуір салмақ. Осындай себептерден ет бағасы қымбаттап кетеді, – дейді сатушылар. Ол түсінікті, қарапайым көлден ауланып әкелетін балықтың да бағасы сұмдық енді. Келісі еттің бағасына жақындап келеді. Бұл бизнесте де көп шикілік бар. Министрлік, сондай-ақ көтерме сауда бағаларын 15-20%-ға, бөлшек сауда бағаларын 20-30%-ға төмендетпекші. Осы бағытта халықаралық деңгейде референттік баға енгізіліп, дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтардағы бағамен салыстырылып отыратын болады. ҚҰРЫЛЫС ЗАТТАРЫ Ұлттық экономика министрі апта басында өткен брифингте шетелден келетін құрылыс материалдары құнының өсуіне байланысты Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өзгеруі мүмкін екенін айтты. Министрдің айтуынша, мемлекет әлеуметтік және несиелік тұрғын үйдің бағасын реттеуді жалғастырады, ал қалған тұрғын үй нарығы сұраныс пен ұсыныстың ықпалына ұшырайды. Үкімет цемент және арматура сияқты базалық құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз еткенімен, ішкі әрлеу импортқа тәуелді болып қалады, бұл баға тәуекелін тудырады.
---
31 желтоқсан 2024 ж. 18 0