№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сібір жарасының алдыналу және ауру туралы не білу қажет

Сібір жарасының алдыналу және ауру туралы не білу қажет


Сібір жарасы - адамға көп жағдайда сырқаттанған ауылшаруашылық малдарынан жұғатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ауру карбункул (жара) түрінде сыртқы жабындарды зақымдаумен, қызба, интоксикациямен, кейде сепсистің дамуымен сипатталады. Қоздырғыштың ағзаға ену жерінде оттың шоғына ұқсайтын (ортасы қара айналасы қызыл) жаралар пайда болады, ертеде ол жараларды «қасиетті от» деп атаған.
Сібір жарасы ауруының қоздырғышы – bacillusanthracis. Ол ауру малдың қанында, зақымдалған барлық мүшелер мен тіндерде және ауру малдың дәреті мен нәжісінде кездеседі. Әсіресе, қоздырғыш малдың өлім алдында бөлінетін серозды сұйықтығында көп болады. Сібір жарасының таяқшасы жайлау топырағына, ашық су қоймаларының суына түседі. Тасқын, ағынды және жер асты сулары мал зираттарынан оны жер бетіне алып шығуы мүмкін. Микроб сыртқы ортаға әдетте төзімді, тығыз қабықшамен қапталған спора түзеді, қайнатқанда 10 минутқа дейін шыдайды, қыста аяздан, жазда ыстықтан өлмейді. Ескі мал зираттарында споралардың өмір сүру бейімділігі малдарды көмгеннен кейін 30-40 және одан да көп жылдардан кейін байқалады. Спора сиырдың, қойдың, жылқының, шошқаның, түйенің, есектің ағзасына түсіп, сібір жарасының таяқшасын түзеді, содан кейін көбейіп, қан арқылы тарап, 1-3 күннен кейін ауру тудырады. Бұл ауру жануарларда әдетте ауыр түрде өтеді және көбіне ішектің бұзылысымен басталады. Ішектің кебуі, қызудың көтерілуі байқалады. Зәр мен сүтте қан көрінеді. Екінші-үшінші күні мал өледі.
  Сібір жарасының терілік түрі организмге қауіпсіз, ал инфекция күшейіп жайылған жағдайда, әлсіз аурулар өміріне қауіпті болуы мүмкін. Бетке, ауыз қуысына сібір жарасын жұқтырмас үшін, ауру жануарлармен араласқанда, олардың еті, терісі және жүнімен жұмыс істегенде санитарлық, жалпы гигиеналық ережелерді сақтап, ауыз қуысының, дене терісінің гигие-насын қадағалау керек. Сібір жарасының алдын алу үшін вакциналарды қатаң түрде эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне байланысты қолданады. Сібір жарасымен ауырған жануарлар немесе жүқпалы заттармен жұмыс істеген адамдар, зерттеліп арнайы бақылауда болуы керек, қажет болса емделуі керек. 

С.Толегенов,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы.  
24 сәуір 2018 ж. 2 118 0