№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Қазақтар – дархан халық

Қазақтар – дархан халық


Қазақтай жомарт халыққа елдегі барлық этнос өкілдері қарыздар десем артық болмас. Сталиндік тоталитарлық режимнің қыспағымен мыңдаған тағдырлы жандар саясат бабамызға қазақтың топырағы бұйырыпты. Қонақжай халық қуғын-сүргінге түскен мұсылман бауырларының қайғысын тең көтеріп, жылы қабақпен қарсы алып, жылу сыйлады.
Менің аталарым алғашқыда Тараз қаласының төңірегіне тұрақтапты.
Тіршілік қалыбын жергілікті жұртпен жұптай білген бөтен ұлт өкілдері салт-сана, өнер-саулыққа келгенде өз дәстүрлерін сақтап қалуға тырысыпты. Тараздағы түріктердің этно-мәдениет бірлестігі бар. Орыс тілі мен батыс мәдениетіне жақын келеді. Түркістандағы Х.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне түскенде қазақ тілін үйрендім. Студент шағымда көп ұлттан достарым болды. Болашақ жарымды кездестіріп, Жаңақорған жеріне келін болып түстім. Байқағаным, мұндағы түріктер өз салт-дәстүрін жақсы сақтаған екен. Келіннің бетін ашып, көрімдік алу ерекше есте қалыпты. Біздің салтта келіннің бетін өткір пышақпен жаулық сыртынан қайрап тұрып «келіннің тілін кесейін бе?» деп сұралады. Мұны алғаш көрген менің орамал ішінде әбден қорқып, жылағаным бар. Ал, қазіргі жастар бұл дәстүрден еш қорықпайды ғой.
Қызметіме келсем, 13 жылдан астам уақыт Н. Илялетдинов атындағы №169 мектептің бастауыш сынып мұғалімімін. Біздің мектеп ұжымында әр түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Бәріміз бір үйдің баласындай бірлесе еңбек етудеміз. Бізді бір арнаға біріктіріп тұрған күш болса, ол сыйластық дер едім. Сыйластық бар жерде берекелі бірлік болатынын қазақ халқынан үйрендік деуге болады.

Этер ИБРАГИМОВА,
Түрік ұлтының өкілі

---
30 сәуір 2023 ж. 107 0