"Дарабоз" байқауынан жеңіспен оралды
"Атадан мұра" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен V Республикалық "Дарабоз" байқауы өтті.
Байқауға еліміздің түкпір - түкпірінен 1000-нан аса 4-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты .
Осы байқауға Жаңақорғаннан "Нұрай-Қыдыр" бөбекжай балабақшасынан "Бәйтерек" тобы ( 5 жастағы балалар) 3 би дайындап апарды.12 қыздан құралған "Бәйтерек" би тобы
"Бипыл" биі мен " Шығыс" биін билеп шықты.
"Бипыл" биі жүлделі екінші орынды , ал "Шығыс " биі жүлделі 1 орынды иеленіп ,Алматы қаласында өтетін Халықаралық"Ана туралы жыр" атты байқауға жолдама алды.
Ал,12 ұлдан құралған "Бәйтерек" тобының ұлдары "Қамшы" биін билеп,жүлделі 1 орынды иеленіп ,олда Халықаралық " Ана туралы жыр" байқауына жолдама алды .
Халықаралық "Ана туралы жыр" атты байқау 24-26 наурыз аралығында Алматы қаласында "Құрманғазы" атындағы консерваторияда өтті.
Халықаралық байқауда" Хореаграфия" бөлімі бойынша Қазақстан ,Өзбекстан ,Қырғызстан мемлекеттерінен 64-тен аса би тобы өнер көрсетті.
Жаңақорған ауданынан " Нұрай-Қыдыр" бөбекжай балабақшасынан барған " Бәйтерек" тобындағы қыздар "Шығыс" биімен 1 орынды,ұлдар "Қамшы" биімен 2 орынды алды.Барлық қатысушы балаларға дипломдар мен медальдар берілді .
Осы байқауға балаларды дайындаған тәрбиеші Ақгүл Тажиеваға арнайы алғыс жарияланып ,"Үздік ұстаз" төсбелгісімен марапатталды.
Алматы қаласында ,26 наурыз күні "Нұрай-Қыдыр" балабақшасынан барған " Бәйтерек" би тобы дәл осы номерлермен "Жеті өнер" орталығының ұйымдастыруымен өткен "BE STAR" атты би байқауында бүлдіршіндеріміздің екі биі де БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп келді .
Дайындаған топ тәрбиешісі Тажиева Ақгүлге арнайы алғыс жарияланып ,Үздік көшбасшы хореограф" төсбелгісімен марапатталды.
Байқауға балаларды балалардың ата-аналары, балабақша меңгерушісі Мұрат Минуаров өзі бастап ,топ тәрбиешілері Тажиева Ақгүл мен Утебаева Нүргүл алып барды .
Ескере кететін жайт , мұндай ірі байқауларға Жаңақорған ауданынан балабақшалар қатысып көрмеген.
Бірінші болып "Нұрай-Қыдыр" балабақшасы қатысып отыр .