№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Татулықты ту еткен Төменарық

Татулықты ту еткен Төменарық


Төменарық ауылдық округінің тұрғындары татулық пен тұрақтылықтың парқын жақсы түсінеді. Өйткені Жаңақорған ауданында 600-ге жуық өзге ұлт өкілдерінің, 150-і Төменарықты құтты тұрақ еткен.


– Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негіз­делген елдің болашағы ке­мел. Қазақстандағы ұлттар мен диаспоралар қазақ ұлтының қонақ­жайлығы мен кеңпейілділігін жоғары бағалайды һәм құрмет тұтады. Оны Төменарықтағы өзге ұлт өкілдерінің ілтипатынан байқауға болады.
Төменарықта 8 ұлттың 150 өкілі ауылдың дамуына үлес қосып келеді. Олардың арасында ұстаз, медицина және ауылшаруашылығы саласының маманы, кәсіпкерлер және т.б бар.
Ұлты украин Светлана Нещереттің бойынан қазақы болмыс-бітімді бір сөйлескен адам байқайды.
– Туған топырақ адамның мінезінің қалыптасуына ықпал етеді. Ұлы дала елінің тұрғыны ретінде қазақтың салт-дәстүрін білуім міндет. Ал қазақтың келіні болсаң, тіпті жауапкершілік ауыр. Дара кәсіпкер ретінде ісін ұлғайтып, сауда саласында еңбек еткен Светлана Павловнаның елге еңбегі зор.
Қазақстанды Отаны ретінде құрмет тұтып, оның дамуына еңбек сіңіріп жүрген ұлттың бірі – түрік ұлты. «Алмалық» шаруа қожалығының төрағасы Афрайл Ашрапов ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға септігін тигізіп, егін шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек етті.
Ауылдағы үлкен диаспораның бірі – кәрістер. Қазақ тіліне жүйрік кәрістер кәсіпкерлікке епті. Олардан егінді күтіп-баптауда үйренетін нәрсе көп.
Төменарықтың тұрғындары есік алдындағы алқапты күтіп баптауға маманданған. Жылда қызанақ, қияр, қауын, қарбыз өнімін егіп, бала-шағасына дәруменге бай көкөніс және бақша өнімдерін береді. Өткен жылдары карантинге байланысты Жаңақорған мен Шиелі кентімен байланыс үзіліп, көшеттерді алу қиындады. Осыны дұрыс бағамдаған Владимир Чжен көшет сатуды жолға қойды. Ол есігінің алдында жерді өңдеп, арнайы жылыжай жасамай-ақ қауын, қияр, қызанақ, баклажан көшетін саудалады. Онда адам қарасы көп. Таласып-тармасып сатып алуда. Владимир келушілерге көшеттерді отырғызуға ерте дегеніне қарамастан сатып әкетуде. Тіпті көрші ауылдың тұрғындары келіп, өнімін алуда.
Жер ана – адам баласының ортақ асыраушысы. Оны күтіп-баптап, тілін тапқанның несібесі мол. Осы бағытта үйренемін деген талапкерлерге көмектесуге қашан да даярмын. Жұмыссызбын деу оңай. Бірақ көзін тауып, табыс табудың жолы көп. Өмірден осыны түсіндім. Бұл Владимир Владиславовичтің өмірлік қағидасы.
Күшті ұлт болу үшін, алдымен, бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Яғни ұлтаралық достық ғана Қазақстанды өрге сүйрейді.
– Біздің мемлекетімізде тарихи тағдыры ортақ түрлі этнос өкілдеріне деген құрмет ерекше, ұлтаралық қатынас мәдениеті де қалыптасқан. Ауылда орыс, украин, өзбек, түрік, кәріс, грек, шешен, неміс ұлты тұрады. Әрқайсысы ұлтаралық достықтың дәнекері болып, тату-тәтті өмір сүруде. ХХІ ғасырда адами капитал мен адам денсаулығы негізгі капиталға айналды десек, осы салада төменарықтық өзге ұлт өкілдерінің елеулі еңбегі бар. Ауыл тұрғындарының пікірі осындай.

Төменарықта кіндік қаны тамған Евгений Метелев Сыр өңіріне танымал азамат. Қазақтың қызын қолына қондырған Евгений Вадимович заң саласында табысты еңбек етуде. Ол бүгінде «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ еңбек етеді.

Достық пен татулықты негіз еткен демократиялы елде азаматтық қоғам маңызды рөл атқарады. Мұны адамдардың саяси-әлеуметтік өмірін қамтамасыз етіп, қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыру, ұйыстыру деңгейімен өлшеуге болады. Сингапурдың тәжірибесін мысалға алуға болады. Алты миллионға жуық халқы бар бұл ел жыл сайын 25 мыңға дейін сырттан келгендерге азаматтық береді. Этностық құрамы жағынан ел халқының 70 проценті – қытайлар, 13 проценті – малайлар, 9 проценті – үндістер, 3 проценті – өзге ұлттар. Этноқұрылым осындай ала-құла болса да халықаралық сарапшылар мұнда біртекті Сингапур халқының құрылғанын алға тартады. Қазіргі кезде стратегиялық жоспарлар сингапурлықтардың «ақылды ұлтқа» айналып келе жатқанын айқындайды. Оның басты себебі – халықтың тығыз тұруына қарамастан, инновациялық технологиялар енгізіп, бәрінің де өмір сүруіне жоғары сапалы жағдай туғыза білді.
Қазақстан да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, межелі бағдар құрды. Енді қазақ ұлтын титулды ұлт ретінде бағалап, татулық пен тұрақтылықты, бірлік пен берекені негіз ету керек. Мұны Төменарықта тұратын өзге ұлт өкілдері қолдайды. Олардың қазақ тілін меңгеріп, ұлттық мерекелерге белсенді қатысуы соны айғақтайды

Айсұлу АЛДАНАЗАР
---
05 мамыр 2022 ж. 365 0