Жаңақорған аудандық соты 3 айдың жұмысын қорытындылады
Жаңақорған аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2022 жылдың І-тоқсанында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы жайлы баспасөз конференциясы өткізілді.
Аталған шараға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен өңірлік «Жаңақорған тынысы» газеті редакторының міндетін атқарушы Б.Үсейінова қатысты.
Азаматтық істер бойынша жұмыс сапасына тоқталған Ә.Түбекбаева шешім шығарумен аяқталған істер санының артқанын және соттың іс жүргізуіне түскен талап қою, татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған, медиация тәртібінде қаралып, татуластыру келісімдері жасалған және партисипативтік рәсім тәртібімен тоқтатылған істерге тоқталды.
Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге тоқталып, онда түскен іс саны, жаза тағайындалғаны, істердің тоқтатылу негіздеріне және шығарылған жекеше қаулыларға тоқталды.
Ә.Түбекбаева өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда сотқа түсіп аяқталған қылмыстық істердің неғұрлым азайғанын, тоқтатылған істердің, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар санының азайғанын мәлімдеді. Сондай-ақ электронды істер санының артқанын айтып өтті.
Сондай-ақ сот төрағасы сот төрелігін жаңғыртудың маңызды сәттерін және бірқатар жобалардың жүзеге асырылып жатқандығы мен оның тиімділігі жайлы сөз етті.
Аталған мұндай жаңашылдықтың бірі азаматтық істер бойынша соттан тыс және сотқа дейінгі істерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы АПК-не өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, «Сотқа дейінгі хаттама» институты өз жұмысын бастағанын айтты.
Мұндағы мақсат –тараптарды сотқа дейін татуласуға, дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша уақыт беруге арналған.
Татуластырушы судья талап түскен күннен кейін келесі күні сотқа дейінгі хаттама жасау құқығы түсіндіріле отырып, татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жіберіледі. Сот тараптардың ұсынған келісімін жіті тексеріп, ұйғарым арқылы шешімді бекітеді», – деді сот төрағасы Ә.Түбекбаева.
Баспасөз конференциясын қортындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 1-тоқсанында аудандық соттың іс жүргізуіндегі қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің барлық қаралған санын төмендегі слайдтан көруге болады.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі