Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 1 045

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 65

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» «Сотқа дейінгі хаттама»

«Сотқа дейінгі хаттама»

Жаңақорған аудандық соты «Сотқа дейінгі хаттама» институты аясында татуластыру рәсімдерін насихатады
Жаңақорған аудандық сотының татуластыру рәсімдері мен сотқа дейінгі хаттаманы түсіндіру, насихаттау, ақпараттандыру мақсатында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мәселесі бойынша жұмыс жоспарын орындау мақсатында таратпа материалдар әзірленіп, сотқа келушілерге таратылды.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында аудандық соттың ұжымы «Бітімге келмей дау бітпес» дегендей, қаншама азаматтың соттың әуресімен жүргенін айта келе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізіліп, «Сотқа дейінгі хаттама» институты өз жұмысын бастағанын және осы институт аясында ұсақ дау-дамайларды татуластыру тәртібімен шешуге басымдық берілгенін жеткізді.
Сотқа келушілерге таратылған таратпа материалдарда сотқа дейінгі хаттама инстиутының түсінігі, олардың қолданылу аясы, татуластыру келісімінің тиімділігі кеңінен түсіндірілген.
Сондай-ақ, аудандық сот аталған институт халық арасында дауласушылық деңгейін төмендетуге өз септігін тигізеді деп санайды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі



---
18 сәуір 2022 ж. 292 0