«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Татуласу рәсімдері, сотқа дейінгі хаттама туралы алгоритмге енгізілген өзгерістер талқыланды

Татуласу рәсімдері, сотқа дейінгі хаттама туралы алгоритмге енгізілген өзгерістер талқыланды

Жаңақорған аудандық сотында татуластыру рәсімдері мен сотқа дейінгі хаттаманы түсіндіру, насихаттау, ақпараттандыру мақсатында жасалған жұмыс жоспарына сәйкес семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева, судья И.Тұңғышбаев пен кеңсе қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева татуласу рәсімдері, сотқа дейінгі хаттама туралы алгоритмге енгізілген өзгерістер тақырыбында баяндама жасады.
Ол өз сөзінде, ағымдағы жылдың қаңтар айынан Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер енгізіліп, сотқа дейінгі хаттама ұғымы пайда болғанын айтты.
Бұл дауды сотқа дейін шешудің қосымша мүмкіндігі екенін,сонымен қатар татуластырушы судьялар арнайы алгоритм негізінде жұмыс жасап келе жатқанын, 2022 жылдың ақпан айының 15 нен бастап аталған алгоритмге өзгерістер енгізілгенін, өзгеріс енгізу мақсаты бірыңғай тәжірибе қалыптастырып, кемшіліктер болдырмау болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, алгоритм бойынша сот кеңсесінің әрекетін, яғни татуластырушы судьяның қарауына тек қана талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюлар және оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен берілетін талап қоюлар татуластырушы судьяға бөлініп берілетінін, тіркеуші маманның өз бетінше талап қоюларды медиабельді немесе медиабельді емес деп іріктеуге құқығы жоқтығын айтып өтті.
Сонымен қатар татуластырушы судьяның процестік әрекеттері туралы, татуластырушы болып табылмайтын судьяның процестік әрекеті жайлы, сот отырысы хатшысының процестік әрекеттері жөнінде түсіндірді.
Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша түрлі сұрақтарын ортаға салып, өзара пікір алмасып, алгоритмге енгізілген өзгерістер жөнінде толыққанды жауап алды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 наурыз 2022 ж. 250 0