№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Автокөлікте қауіпсіздік сақтаңыз!

Автокөлікте қауіпсіздік сақтаңыз!


Адамзат үздіксіз даму үстінде. Осы дамудың ішінде, әсіресе күнделікті қолданып жүрген әртүрлі көліктер санаты өте жоғары деңгейде дамуда. Біз әдетте темір тұлпарды жұмысымызды жеңілдету мақсатында пайдалансақ, сәйкесінше мұндай жеңілдіктің адамзатқа тигізер зияны да көп. Соның бірі автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі.
Жалпы ауданда автокөліктердегі өрт тұрғын үй секторындағы өрттен кейін екінші орында тұр.


Өзінің қажетіне пайдаланып жүр­ген көлігінің қауіпсіздігіне жауап беру иелерінің міндеті. Автокөліктегі өрттің негізгі себебі көліктердің техникалық ақауынан және қозғалтқыш бөлі­гінің тоқ сымдарының қысқаша тұй­ық­талуынан болып жатады. Сол себепті жүргізушулер көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн. Негізі көлікте өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендетуге болады. Ол үшін жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп, жай-күйін бақылап отыруы қажет.
Ал көлік өртке оранған жағдайда, оны алғашқы минуттарында сөндіріп, ауыздықтауға болады. Мұндай жағ­дайда өрт сөндіргіш құралының болмауы көліктің түгел жанып кетуіне себеп. Орта есеппен алғанда, жеңіл көліктің жануы 10-15 минутқа ғана созылады. Ал өрт сөндіру қызметі қарапайым арифметикалық қағидамен 10 минутта келеді. Сонымен қатар өрт сөндіру құралы болған кездің өзінде, оны қолдана білмеу де қайғылы жағдайларға әкеліп жатады.
Осы тұста өрт сөндіру құралын қалай пайдалану керектігі туралы нұсқаулық оқығанның еш зияны жоқ.
Демек, өз қауіпсіздігін сақтаймын деген әрбір жанның автомобилінде өрт сөндіргіш құралы болуы шарт. Сонда ғана барынша тез және қысқа мерзімде өрт ошағын сөндіріп, тосыннан келген қауіптің алдын алуға болады. Жақсы жұмыс істеуі үшін барынша майысқан және ісіну болмауы керек.
Баллон қызып кетпеуі, бүріккіш еркін қозғалуы тиіс. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспауы, өрт сөндіргіштің автокөлікте орналасуы да маңызды.
Егер түтін, жалын немесе біртүрлі иістер байқалса, автомобильді де­реу тоқтатып, аккумуляторды ажы­ра­тыңыз. Барлық жолаушылар денсау­лығына және өміріне зиян келтірмеу үшін көлік құралының жанынан кетіп қалуы тиіс. Олардың міндеті айналадағы жүргізушілердің назарын аудару.
Демек, қауіп жағдайында бір-бірлеріңізге көмектесе отырып сіз тек қана автомобильді ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың да өмірін сақтайсыз.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
---
23 ақпан 2022 ж. 324 0