№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Төтенше жағдайлардың алдын алайық

Төтенше жағдайлардың алдын алайық

 
2020 жылдың 7 айында аудан көлемінде өрт және өртке жатпайтын жану оқиғалары  жоғарылап отыр.
2020 жылдың 7 айында Ақпараттарды есепке алу кітабына өрт оқиғасы және өртке жатпайтын жану оқиғасы бойынша 72хабарлама тіркелсе, оның ішінде: 39 – өрт оқиғасы, 21 – өртке жатпайтын жану оқиғасы, 16 –басқада шығыстар және 2-орман өрті. Өрт салдарынан 3 адам жарақат алып, былтырғы жылмен салыстырғанда 100 % көбейіп отыр.
Жарақат алған адамдар бойынша айта кететін болсақ: 1 азамат өзінің есігінің алдында қоқыс жағу кезінде отқа бензин құю салдарынан күйік алса, 2 азамат автокөлікте орнатылған газ ақауынан автокөлік өртеніп, соның салдарынан дене күйік жарақаттарын алған.
2020 жылдың 7 айында тіркелген 39-өрт оқиғасының 26-тұрғын үй секторларында орын алған өрттер,  6- автокөліктегі өрт, 3- нысандағы өрт, 2-орман өрті, 2-шаруа қожалықтардың жерінде орын алып отыр.
Орын алған 39-өрт оқиғалары бойынша 13 азаматқа әкімшілік шара көрілсе, 25 өрт оқиғасы анықтау үшін тергеу реттілігімен аудандық Полиция бөліміне жолданған.             
Тұрғын үйдегі 26 өрт оқиғасын талдап өтетін болсақ: Жаңақорған кентінде-16 өрт, Төменарық ауылдық округінде – 2 өрт, Аққорған ауылдық округінде- 2 өрт, Қаратөбе ауылдық округінде-1 өрт, Жаңарық ауылдық округінде-1 өрт, Өзгент ауылдық округінде-1 өрт, Қожакент ауылдық округінде-1 өрт, Сунақата ауылдық округінде-1 өрт, Сүттіқұдық ауылдық округінде-1 өрт.
Автокөліктердегі 6 өрт оқиғасының 5-і автокөліктің сымдарының қысқаша тұйықталу салдарынан болса, 1 автокөлік орнатылған газ ақауының салдарынын өртенген. 3 автокөлік толығымен өртеніп,  3 автокөліктің ішкі салондары мен қозғалтқыш бөліктері өртенген.
Нысанда орын алған 3 өрт оқиғасы бойынша:
1) 16.01.2020 жыл 08 сағат 30 минутта Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, өндірістік аймағында орналасқан «КорпорацияЖилСтройТараз» ЖШС-нің жалпы көлемі 12х3 метр болатын жатын темір вагон контейнерінің ішкі қаптамалары  толығымен өртенген.
2) 12.06.2020 жыл 16 сағат 54 минутта Жаңақорған кенті, А.Шонабаев көшесі №26 мекен-жайда орналасқан қоқыс жинап қабылдайтын «Нұршах» дара кәсіпкерлігінің цехының іші мен сыртындағы жалпы көлемі 400 шаршы метр болатын қоқыстары өртенген.
3) 26.07.2020 жыл 08 сағат 50 минутта Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №30/1 мекен-жайда орналасқан «Ақжол» сауда үйіне жапсарлас салынған «Ернұрбек» ЖШС-нің қоймасының ішіндегі автокөлік доңғалақтары, жиһаздар, сантехникалық жабдықтар өртенген.
Орын алған 2 орман өрті Жаңақорған орманшылығының 1 айналымы №4 оралымында және Жаңақорған орманшылығының 4 айналымы №28 оралымында орман қорының 5,3 Га жері өртеніп, салдарынан шеңгел, жыңғыл, тораңғыл ағаштары және қураған қамыс шөптесін өсімдіктері өртенген.
Шаруа қожалық жеріндегі 2 өрт оқиғасынан 10 Га алма бағының 2 Га жері өртеніп,
салдарынан 765 түп алма ағашы өртенген.
Аудан  көлемінде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады. Бұл тұрғындардың тұрғын үй аулаларында шаруашылық нысандарында ашық отты пайдалану барысында қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан, электр жылыту құралдарын пайдалану барысында және жылыту пештерін салу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан орын алып отыр.
Қазіргі кезде тұрғын үй ауласы мен егіс алқаптарын тазалау кезінде ашық отты пайдалану салдарынан өрттің саны тұрғын үйлер мен егістік жерлердегі жеміс ағаштарының өртенуіне әкеліп соғуда. Қазір ауа райы құбылмалы сондықтан тұрғындардан тұрғын үйдің ауласында және басқада жерлерді ашық отты пайдалану тазалау жұмыстарын жүргізуге болмайтындығын ескертеміз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.
Төтенше жағдай немесе өрт оқиғаларыболған жағдайда тез арада «101», «112»  немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек.
17 тамыз 2020 ж. 581 0