Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Автокөліктегі өрттен сақ бол!

Автокөліктегі өрттен сақ бол!


Жаңақорған ауданы бойынша 2019 жылдың 12 айында аудан көлемінде автокліктере 16 өрт оқиғасы орын алса, 2020 жылдың осы уақытымен автокөліктерде 9 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт оқиғасы салдарына 5 жеңіл автокөлік толығымен өртенген.
Өрттің шығу себебі – көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауын орын алуда. Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударуларыңызды сұраймыз:
1. Жолда жүргенде өрттің болу қауіпін байқаған жағдайда дереу автокөлікті тоқтатып, салондағы барлық жолушыларды автокөліктен сыртқа шығару қажет;
2. Қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан оталмай қалған машинаның қозғалтқышына ашық отты жағып (паяльная лампа, факел, ашық спиральды калорифер) жылытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес;
3. Аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға болмайды;
4. Көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады;
5. Көліктің жанар-жағармай құятын багының аузын ашық тастауға болмайды;
6. Автокөліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет;
7. Автокөлікте міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек екенін ескертеміз.
Барлық автокөліктерде міндетті түрде өрт сөндіргіштер болуы қажет.  Өрт сөндіргіштің сиымдылығы неғұрлым үлкен болса, қажет болып қалған жағдайларда өзіңізге тиімді болады.
Сонымен қатар автокөлік иелері: автокөліктердің жыл сайынғы техникалық байқаудан өту кезінде автокөліктердің кабел (сым) жүйелеріне аса көңіл бөлу және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуын қатаң сақтаңыздар.
Төтенше жағдайлар кезінде "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ұмытпаңыздар.

Ө. Мүбарак,
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты 
12 қараша 2020 ж. 837 0