№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Автокөлікте абай болайық!

Автокөлікте абай болайық!

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін ауданымыз бойынша 15-рет автокөліктердегі өрт оқиғасы тіркелді. Автокөліктердегі өрт оқиғалары былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6 өрт оқиғасына немесе  40 % жоғарлап отыр. Оның ішінде: жүк автокөліктерінде – 3 өрт оқиғасы,  жүк автокөліктерінің тіркемелерінде – 2 өрт оқиғасы және жеңіл автокөліктерде – 10 өрт оқиғасы тіркелді. (2018 жылы жүк автокөліктерінде – 5 өрт оқиғасы және жеңіл автокөліктерде – 4 өрт оқиғасы тіркелген).   
Автокөліктердегі өрт оқиғаларының басты кездесетін себептері: электр желілерінің қысқа тұйықталуы, сұйық отынға берілетін жүйенің шығып кетуі, салонда темекі тарту, тез тұтанатын жүктерді тасымалдау кезіндегі ұқыпсыздық, автокөліктердегі түтін шығатын глушительдердің ұшқын басқышының болмауы, сұйық отынның төгілуі мен жануы, автокөлікте сақталған майланған шүберектің өздігінен тұтануы, қысқы кезеңде автокөліктің астына ашық от қойып қыздыру, газ қондырғыларын дұрыс орнатпау немесе дұрыс күтім жасамау салдарынан болады.
Сол себепті, құрметті жүргізушілер Сіздерден келесі өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап жүрулеріңізді сұраймыз.
- жолда жүргенде өрттің болу қауіпін байқаған жағдайда дереу автокөлікті тоқтатып, салондағы барлық жолушыларды автокөліктен сыртқа шығару қажет;
- өрт болған немесе болу қауіпі төнген жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалып көмек шақыру қажет;
- көмек шақырғаннан кейін дереу капотты ашып, аккумуляторды ажыратып, автокөліктегі өрт сөндіргішті қолдану қажет;
Барлық автокөліктерде міндетті түрде өрт сөндіргіштер болуы қажет. Өрт сөндіргіштің сиымдылығы неғұрлым үлкен болса, қажет болып қалған жағдайларда өзіңізге тиімді болады.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
10 желтоқсан 2019 ж. 536 0