№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Тұрғындар тілегі төрағаның назарында

Тұрғындар тілегі төрағаның назарында


«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Руслан Рүстемов аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен жұма күні жеке қабылдау өткізді. Бас партияның қоғамдық қабылдауына келген тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі және өзге де мәселелерді айтып көмек сұрай келген.


Кент тұрғыны «Алтын алқа» иегері Айман Сыздықова 2015 жылы жер кезегіне тұрғанымен, әлі де кезегі келмегендігін айтып, жер сұрай келіпті. Аудан әкімі мәслихат шешімімен 29 млн теңге болатын 213 гектар жер телімі тұрғындардың қоныстануына дайындалып, инфрақұрылымы жаса­лып жатқанын жеткізіп, алдағы уақытта міндетті түрде берілетінін жеткізді.
Шырайкүл Төленова №125 мек­тепте оқитын балалары интернет желісінің нашарлығынан сабақ оқу мүмкін болмай тұрғанын айтса, Талап станциясының тұрғыны Сатылхан Ниязов ауылдағы сегізжылдық мек­тепті орта мектепке айналдыру жағын қозғады. Білікті мұғалімдер де баласын 9-11 сынып оқыту үшін қалаға, аудан орталықтарына көшіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ау­ылға айналма жол салуды сұрады. Кенттегі «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Динаш Ахметова 1971 жылы соғылған ғимаратқа жөндеу қажет екендігін алға тартты. Кейден ауылының тұрғыны көпбалалы әке Ерлан Әділбеков мектепке баратын жолдың нашарлығын қозғап, тас түсіріп беруге көмек сұрады. Сондай-ақ әкесінің жылдық асын жасауға рұқсат сұрай келіпті.
– Карантиндік жағдай күшейіп келе жатқанынан хабардарсыз. Адам­дардың көп шоғырлануынан бұл жағдай тіпті ушығып бара жатыр. Сондықтан әкеңіздің рухына Құран бағыштап, садақа ретінде азық-түлік таратқаныңыз дұрыс, – деп өз шешімін жеткізді. Аудан басшысының бұл шешіміне ризашылығын білдірді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар Уалихан Бегімбетов, Роза Оспан тұрғын үй кезегіндегі үйлердің қашан берілетінін сұрай келіпті. Бұл азаматтарға алдағы жылы құрылысы басталатын үйлерден берілу мүмкіндігін жеткізді.
Өз кезегінде әкім тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар беріп, бақылауда ұстайтынын жеткізді. Кейбір мәселелерге байланысты зерттеп зерделеуді сала басшыларына тапсырды.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ

---
28 сәуір 2021 ж. 384 0